Өлеңдер ✍️
Жұмабайға
Арнадым бұл өлеңді Жұмабайға,
Білмеймін ұнай ма оған ұнамай ма?
Алланың бере салған пендесі екен,
Өн бойы тұнып тұрған Ақыл-ойға.
Жұмабайды мен бұрын білмейтінмін,
Аралас- құралас боп жүрмейтінмін.
Естігем достарының мақтағанын,
Жоқ екен ешкім оны күндейтұғын.
Ойда жоқта кездестім бір жұмыста,
Кеттік біз, ыммен ғана ұғыныса.
Ойымыз, пиғылымыз көмектесу,
Екеумізге жақындау бір туысқа.
Жұмысты жеңіспенен аяқтадық,
Қарсыласпен ұрысуға аз-ақ қалып.
Жасаған жолдас-жора, туыстарға,
Еңбегін Жұмабайдың ұмытпалық.
Мінезінде жоқ екен, асып сасу,
Болмаса мен-мендікпен, асып-тасу.
Алған істі Жұмабай шешеді екен,
Жолымен Ата салған-ақылдасу.
Бет бейнесі сүйкімді, жүзі жарқын,
Адамға білдіртпейтін реңін салқын.
Жұмысты рет-ретімен істейді екен,
Есептеп әр нәрсенің біліп нарқын.
Мінезі кейде жаз боп, кейде көктем,
Кейде шуақ болады, кейде өктем.
Соның бәрі өзіне жарасып тұр,
Биязы мінезімен шықпай шектен.
Қасиеті осындай Жұмабайдың,
Оны айта алмай мен дағы тұра алмадым.
Көп жасай бер Жұмабай, аман болсын -
Жанұяңмен Елжұртың, жұрағатың.
Мен өлеңді жазғам жоқ ақынсынып,
Болмаса Жұмабайға жағымсынып.
Жақсының жақсылығын айту керек,
Деген оймен дос, дұшпан жатсын біліп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter