Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
99
Сағынбайға
Мінездеме, бұл біздің Сағынбайға,
Деп жүретін «уақытым жақындай ма».
Екі жылда бір ауыз сөз, айтпады ғой,
Мұның іші шіркін-ай, жарылмай ма?
Мінезі, өте жақсы Сағынбайдың,
Іздесең қанша адамнан табылмайтын.
Путёвкамен талонды дер кезде алып
Бензин іздеп ешкімге жалынбайтын.
Мінезі бар кей кезде Сағынбайдың,
Ерегіссе ГАИ-ге де, бағынбайтын.
Машинасын бабында, ұқыпты ұстап,
Жұмсасаң ешқашанда тарылмайтын.
Мінезі бар кей кезде Сағынбайдың,
Ашуланса ақылмен салқындайтын.
Қабақ шытқан кездерін көргенім жоқ,
Әрқашан, жүзі жылы жарқылдайтын.
Ашық көңіл, кеңпейілі тарылмайтын
Жағымсынып, ешкімге жалынбайтын.
Екі жылдай мен көрдім, өз көзіммен
Мінезі бар, осындай Сағынбайдың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter