Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
92
Менің жұмбағым
Шыбын жан қашаннан-ақ күйге құмар,
Көңілдің өз қалауы, сүйгені бар.
Бек мүмкін жұмбақ жан боп көрінуім,
Оны да жүрегіне түйген ұғар.
Бұл жаным қай кезден-ақ жырға құмар,
Көңілдің өз әуені, ырғағы бар.
Айналам жұмбақ жан деп санағанмен,
Бәрібір түсінбейді мұндағылар.
Жасымнан табынамын нұрға бөлек,
Жанымды күйге бөлеп, жырға бөлеп.
Ойымды арман буып тілейтіні:
Мұрагер жан-дүниеме тұлға керек.
Құр аттай тарпаң өмір тарпығанмен,
Асығам келер күнге шалқып әнмен.
Ортада ешкім білмес жұмбақ жан боп,
Мақсатқа жетуім де мүмкін әбден.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter