Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
325

Жақсылық туы
Жақсылықты көтеріп тулар қалар,
Жамандықты көтеріп шулар хабар.
Ақын көңіл сенгіш қой,
Аңдаусызда
Досыңмын деп келетін қулар да бар.
Жақсылықтың тұғырлы туы – биік,
Жамандықтың жұтатын уы – күйік.
Сырласайын дегенде бір досыммен,
Осы күннің тыңдаймын қуын ұйып.
Айдынымның аяймын қазын атпай,
Қылығымды біреулер мәз ұнатпай.
...Бататыны – жақсылық, жамандықты
Қатар тыңдап жүргенім ажыратпай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter