Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  127


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Мәңгілік сыры

Қызарып барып күн батса,
Жарықтың ұялғаны шығар.
Бозарып барып таң атса,
Түннің күй-арманы шығар.
Тербеліп барып жел тұрса,
Ауаның ашынғаны шығар.
Жер-көкті нөсер сел қылса,
Даланы басынғаны шығар.
Алыстан талып үн келсе,
Көңілдің жаңғырығы шығар.
Аруға боздақ гүл берсе,
Өмірдің мәңгілігі шығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу