Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
1226
Жесір монологы
Сау болсаң,
әңгіме айтып шешілер ең,
Жау болсаң,
үйге ойран сап, есірер ең.
Үйіме ішіп келіп, үнсіз кеттің,
немене дәметесің осы менен?!
Мас болсаң,
Қылығыңды кешірер ем,
Жас болсаң,
өзім сөйлеп шешілер ем.
Үйіме сап-сау келіп, үнсіз кеттің,
Немене дәметесің осы менен?!
Су болсаң,
иірімдей тереңдер ең,
қу болсаң,
өп-өтірік елеңдер ең.
Жаныма әсер етпей қойды сезім,
Немене дәметесің керең менен?!
Сән болсаң,
сырт бейнеңді әсемдер ең,
ән болсаң
шырқап барып бәсеңдер ең.
Ештеңе түсінбеймін, түйсінбеймін,
Қалғандай түгесіліп әсер менен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter