Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
119
Кездесу
Болмайды той күнде,
Жұрт өте көп келді.
“Бұрылмай қойдың”, – деп,
Білдірдің өкпеңді.
Жібермей жіп тағып
Көңілдің қырғиын,
Жан-жаққа сұқтанып
Қарау да тым қиын.
Болмайды, түсінем,
Сыбағам төр менің.
Көп жұрттың ішінен
Өзіңді көрмедім.
Кім тойып ішпесін,
Қызған ду маңайым.
Көз қырым түссе шын,
Қызарып қалайын.
Біреу жүр сөзіне
Қосарлап дөкейін.
Көрінсең көзіме,
Көгеріп кетейін.
Досым да тұр ақсап,
Қыз тесіп көкейін.
Көрінсең бір-ақ сәт,
Ағарып кетейін.
Көңілде өр сенім,
Құлақта талай үн.
Көргем жоқ мен сені,
Қарайып қалайын.
Көзайым соң келген,
Өкіндік бекер біз...
...Тар жерде көргенмен,
Тамсанып кетерміз.
“Сіз” десіп, “біз” десіп
жүруге хақылы...
...Тұрмыз ғой жүздесіп,
кездесіп ақыры...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter