Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
125
Шілде
Жазғы күн сағым торды тастады өріп,
Кеткендей көк май болып аспан еріп.
Ол дағы шыбын жанын қорғалайды-ау,
Қарайлап лағына қашқан елік.
Бусанып дала жатыр кең көсіліп,
Самғатып қыран ұшқан кеудесі нық.
Жалқын күн тастөбеден шаңқайғанда.
Жатқандай тірлік түгел жерге сіңіп.
Шіліңгір шілдедегі ыстық аптап,
Көк сағым, бозғыл тозаң, ұшқын аппақ.
...Төбеден күн еңкейіп құлағанда
Мал өріп, аспанда құс ұшты қаптап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter