Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
288
Ақпан
Жердің бетін қымтап алып қар аппақ,
Жатыр білем күш-қуатын сараптап.
Аямай-ақ бар уытын,
сары аяз
Құтырып жүр қызыл тілі салақтап.
Күн ұзарып,
аттағанда қарға адым,
Болды ма Жер сілкігендей жарғағын?!
Көктем жақты нұсқап тұр ма,
кім білсін,
Мұз бозарып шошайтады бармағын?!
Жердің бетін қымтап алып қар аппақ,
Күнге тіке қарай алмай алақтап,
Терлеп-тепшіп бусанады қыраттар
Ыстықтаған малдай тілі салақтап.
Кейде қатқыл ашуланшақ желі бар,
Кейде майда,
жап-жайдары демі бар.
Сенбейсің бе?
Онда анықтап көріп ал,
Ақпан осы –
қыстың соңы жолығар...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter