Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
99
Борыштармын
Қара тауым - қара орман халқым менің,
Қазыналы, қатпарлы алтын кенім.
Салиқалы көшіне еріп келем,
Өзіңе аян шамалы шарқым менің.
Шөлдесем сусын беріп таңдайыма,
Ортақтасып жұбатқан жан қайғыма.
Қарызың бар, өтейтін парызым бар,
Жел боп ұшып барайын шалғайыңа.
Ошағыңда от болып жалындайын,
Айдыныңда аққу боп мамырлайын.
Құсың болып асығып арманыңа,
Ақ жалды өзенің боп арындайын.
Борыштармын, халқым-ау, не берейін,
Шыңдарыңа шығайын өрмелейін.
Шөліркеген далаңды сусындатып,
Ақ жаңбырың болайын, себелейін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter