Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
84
Сар далаңа самал болсын өлеңім
Туған далам көз алдымда көсілген,
Өлең бойын саған қарап өсіргем.
Кежімдейін келбетіңе келісіп,
Бір шынардай бұтақ жайсын төсіңнен.
Аласармас тауларыңның иығы,
Талпынатын өлеңімнің биігі.
Өсе алмаса өскендей боп өріліп,
Өмірдегі өкінішім-күйігіім.
Өзеніңе тауды тіліп тасыған,
Бұлақ болып құйылсын деп асығам.
Бұбұлыңа үндестірем әуенін,
Ұнаспайды ұсқыныңа жасық ән.
Өз заңымен тұлғаланған бітімің,
Адамзаттың тілер аяп күтуін.
Сар далаңда самал болсын өлеңім,
Мұнарланса моржалардың түтіні.
Сенің әсем келбетіңе күн ғашық,
Тыныстайсың кең әлеммен сырласып.
Жыр сезімім себелесін жаңбыр боп,
Келбетіңді кетсе тозаң кір басып.
Адамзатқа барлығын да сен бердің,
Бар тірліктің иелерін тең көрдің.
Ойы озған бұл күндегі пенделер,
Ақау салған ажарыңды емдер кім?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter