Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
103
Сыр
Ойлап тұрсаң қызық екен тіршілік,
Ну орманда болу қиын бір шыбық.
Артық айтып, кем сөйлейтін мен емен,
Өз аузымнан жайымды нақ білші, жұрт.
Ерте ұстадым ақындықтың тізгінін,
Желбіреген кекіл шашым қыз күнім.
Су түбінен алтын балық іздейтін,
Алам дейтін көктің жарық жұлдызын.
Содан бері бастым талай қайқаңды,
Жыр тізбегім жан сырымды айта алды.
Бірде бесік, бірде жырды тербетіп,
Өткізіппін талай-талай сартаңды.
Асқақ еді онда ойдағы арманым,
Сол арманды бұл күніме жалғадым.
Өз алдыма шыққан биік шыңым бар,
Демесем де молынан-ақ қармадым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter