Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  289


Автор: Тұрсын Жолымбетқызы

Ақпандатқан аязда...

Ақпандатқан аязда
Мұз құрсанып, қар кешіп
Мый қайнаған ыстықта
Там-тұм ғана су ішіп,
Тілші қайда барады?
Қайда болса жаңалық ,
Соған кетіп барады.
Тілші барған жерінде
Ойнап жүр ғой дейсің бе?
Жанұясын, жан жарын ,
Ойламай жүр дейсің бе?
Ол бейне бір геолог,
Кен іздейді қиыннан.
Жаратса да керемет,
Дәметпейді тиыннан.
Оқ бораған соғысқа,
Тілші кетіп барады.
Бар мәзірі қолында,
Қағаз, қалам –жарағы.
Уақытты қусырып,
Тілші озып жүреді.
Табанынан таусылып,
Тілші тозып жүреді.
Атқан оқтан тез жетіп,
Нысанаға қадамы,
Гитлерді де күйреткен,
Влимбердің қаламы.
Бізде де бар влимбер,
Қас жауымен айқасқан,
Жасқанбаған шайқастан.
Айта берсең еңбегі,
Таусылмайтын жыр дастан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу