Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
101
Біркүні саған жетермін
Көзіңнен моншақ төктің бе,
Сұрадың ба екен көп күннен.
Кірпіктейін де кідірмей,
Көкжиек асып кеттім мен.
Жеткізбей соңы жолдардың,
Жетелеп кетті арман, мұң.
Түсіңе кіріп сырласқан,
Түн жапқан бақта мен бармын.
Жаныма серік аядай,
Құлазып шашын жаяды ай.
Көңілімді саған арнаймын,
Кіршігін ешбір боямай.
Сырлы да сұлу сетерім,
Жыласа жаным не етермін.
Жұлдыздай ағып жондардан,
Біркүні саған жетермін...
тамыз 2008ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter