Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  125


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жел мүжіп ескірген молалар...

Жел мүжіп ескірген молалар,
Қираған құлыптас, құлаған обалар.
Ежелгі бабалар жұртында
Салынған ойрандар, додалар.
Ескірген соқпақтар
Сол жерден жалғасын доғарар.
Бауырын сүйретіп бесінде,
Қырқадан сағымдар көшуде.
Бүйірі тесілген бейітке,
Көлеңке бұғынып есірген.
Ғасырлар аптабы қақтаған,
Қақтардың кендірі кесілген.
Жорықтар күн жатып, түн қатқан,
Соғыстар қайғысы мың батпан.
Шаңырақ шаттығы шайқалып,
Сағанақ, босаға сынды оқтан.
Қан жауған ғасырлар тарихы,
Тастардан тіл қатқан.
Сары қурай қыратта,
Жете алмай бұлақтағы жұмаққа.
Сары дала сарығын сағағы,
Зар қылып тартады ұзаққа.
Жылаған даланы, құлаған моланы,
Сағымдар көтеріп жұбатқан...



мамыр 2008ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу