Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  94


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Оянғым келмейді

Мендегі алып мұң,
Оянып түнде ылғый ұйқымда.
Алтайдың даласын арқалап,
Оранып ғажайып сыйқырға.
Алатау асырып жатады,
Қарамай сүрең мен қиқуға.
Бір тауда тыныстап,
Қалғандай боламын шалдығып.
Артыма қарайлай бермін,
Кеттімбе бір нәрсе қалдырып?
Түн – түпсіз үңгірдей тартады,
Арыдан бір дауыс жаңғырып.
Оырнымнан тұрамын...
Алдымда!
Қазақтың даласы – мәңгілік!!!
Арқамда Алтайым!
(Бұл рас дәл менің күшім бе, ей?!)
Бір қолда жүрегім,
Бір қолда бөркім бар,
Көңілім тап-таза жұлдыздың түсіндей.
О, Атамекенім!
Алтайды жеткізем,
Бір түйір топырақ түсірмей!


Еһ, шіркін!
Дәл сондай болсаң ғой!
Оянғым келмейді…
…Бұл менің түсім ғой…



27 желтоқсан 2007ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу