Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
108
Түнді сүйем
Сіміріп түн біткенді көздеріме,
Қаз ғұмырым айнады мұңлық көлді.
Жұтып жатыр көкжиек өз демімен,
Ақшығымнан өрілген сұры жіптерді.
Сол сұры жіптің ұшында рухым жанған,
Тәнім бір сәт тапқанда тыныштығын.
Безіп кетіп дүниеден шырқымды алған,
Ұмытамын жалғанның құныстығын.
Түн қайдасың кел бері, өлгенімше,
Табар тұрақ сендегі қараңғылық.
Түк тындырмай дүниеден көрге кірсем,
Бақидағы табады мазам бүлік.
Түнді сүйем, мен түннен туылғанмын,
Түннен кейін ақ таңның атары анық.
Мен жалғанға бейіштен қуылғанмын,
Құларымды білемін қайта барып...
2 ақпан 2007ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter