Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  96


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жалықтырған қоғамнан тамұқ мұңға секірдім

Жалықтырған қоғамнан тамұқ мұңға секірдім,
Сол тамұқтың түбінде, алыс қырда отырмын.
Күлге айналып жоқ болды тамұғың да бір кезде,
Жалынына шыдамай аузымдағы отымның.
Мен өлмедім сонда да өртеніп өз отыма,
Ей, пенделер қорқатын тамұқтарың осы ма?!
Төтеп бере алмады сан жетпейтін мәңгір бас,
Кеудемдегі жырыммен, менің жалғыз отыма.
Кең, кең тыныс аламын, кең отырып, тұншықпай,
Көтермейді ешқашан енді маған қырсық бой.
Мен – өлеңмін, өлең – мен,
жарылмайтын жарықпыз,
Мен өлемін тек қана қалған күні күн шықпай.



2 қаңтар 2007ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу