Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
102
Жиырма бесінші қыс
Шырылындай торғайдың сәредегі,
Жан дертімнің табамын әрең емін.
Түннен ауыр, сұлық қап тұрам ылғи,
Қан жоса боп сөгілер және көгім.
Тым алыста ойнайды күңгірт сағым,
Сол сағымнан күтемін жыл құстарын.
Аппақ қарда жатамын көктем көксеп,
Аспан ғана секілді шын құштарым.
Сағындым-ау даламның дарқандығын,
Ақ даламның кешер ме ем арқар құмын.
Ей, құстарым сен қашан ораласың,
Қалтыратып барады қаңтар мұңым.
Тартып барам жиекке құздан өрлеп,
Алдым жатыр шеті жоқ түз дала боп.
Тұрмын жалғыз аппақ қыр үстінде мен,
Жиырма бесінші қысымды мұзға жерлеп.
10 желтоқсан 2006ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter