Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
180
Мен кіммін...
Мен кіммін?
Білмеймін...
Көңілсіз түндеймін.
Аспанға ұша алмай,
Дәрменсіз қарнымды үрлеймін.
Мен кіммін?
О, жерім!
Тағдырға тамшымды төгемін.
Бәсіре бере алмай бақытқа,
Басымды тебемін.
Мен кіммін?
Жүрегім!
Өмірдің көрмедім нұр өңін.
Сүйемін тағдырдың сүреңін,
Қайдасың ұлы өлім...
Қағамын қанатты қамданбай,
Асулар бар қандай?
(Дәл қазір)
Шымдарға сеніп қап,
Мезгілсіз құлаған жарлардай...
Күйдемін...
4 қараша 2006ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter