Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  114


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Бердібек

Бердібек!
Бердібек!
Бердібек!
Қайда ұштың етегің көлбіреп.
Белгісіз далаға бет қойып кттің бе,
Күндерің көкпардай кергілеп.
Жастықтың жамалын бұта іліп қалды ма,
Көз жасты сүтркізбей соңғы рет.
Өкінбей,
Мұңаймай,
Қайғырмай,
Тұрмассың!
Ақын ең, әй, дырдай!
Жүрсің бе ауылда, тауыңдай еңселі,
Сезімді сертінен тайдырмай.
Досым-ау,
Осынау,
Тоқырау,
Заманның жүруде соты дау.
Сағымға оранып сағыныш,
Санамда сайғақтай жосыды-ау.
Қоғамның қойны құрт,
Ойлы жұрт шошыды-ау.


Құр бекер шағынып не қылам,
Бітірген ісі жоқ тағы ұран.
Достарым бет бұрып бұл күнде,
Дұшпаным жарылды ағынан.
Қанымды қызыған қайтып бір басармын,
Жанымды мұжыған жалғаннан жалығам.
Еңсемді езгенде есер мұң
Мен сені сағынам...



28 ақпан 2005ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу