Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
325
Жүр бауырым алдымен шатқал жаққа...
Жүр бауырым алдымен шатқал жаққа,
Тылсымдіктер сол жақта жатқан жоқ па.
Қоя тұрғын биікті қазір айтпай,
Мына тағдыр тауыңды шаққан жоқ па?
Жылы ұямнан кетсем де қуаланып,
Құйылса да кеудеме тұман ағып.
Тауға тартам тілдіріп табанымды,
Ең әуелі көрсайға құлап алып.
Сонда барып тауыма шөліркеймін,
Таусылар сілем құрып, сөлім кей күн.
Жапанда емес тауыма жетіп өлем,
Ордасына айналар көрім тойдың.
23 мамыр 2004ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter