Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  124


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жалғыздықпен қоштасу

Мен бүгін көк бөртені қанып іштім,
Кеудемді кернеп алып сағыныш – мұң.
Ішінен құм бораған жабығыстың,
Ойдан құздың басына тағы да ұштым.
Тағы да ұштым бекініп, белді буып,
Шарбыланған шалқардан шерді қуып.
Елесім мен елесің тең жүгіріп,
Сарсаңдықтан сүйрейді сендік үміт.
Тауын іздеп жылайды елік ғұмыр,
Басады тауға барып жерік мұңын.
Қош айтпаққа жалғыздық атаулыға,
Мен саған сары даламнан келіп тұрмын.



30 сәуір 2003ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу