Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  98


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Дала төсіндегі махаббат

Көрмесем сені мүмкін бе мүлде аңсамау?
Жүрегім ғашық, шыдатпас мені жанса алау.
Құшақтап сені, көтеріп сәби баладай,
Сүйінші сұрап далама шіркін барсам - ау!
Бар алап бізге үнсіз бір құрмет білдіріп,
Ғашықтар әнін салса тым әсем бұлбұлы.
Өрт кетіп ішке бетіңді өпкен самалдан,
Құшақтап тұрып, қызғаныш алса сүйдіріп.
Айлы түн болса тып - тымық орман ішінде,
Жатса ағып бұлақ тап - таза серт қып ішуге.
Қандай бір шіркін ләззатты ол шақ сезілер,
Дәрмені жетпей жұлдыздар тұрса түсуге.
Кіршіксіз, мөлдір махаббатымызды көрсетіп,
Отырсақ тағы табиғат алдында серт етіп.
Қайтарғы шақта
Телмірген бізге есі кетіп
Ақ таң да атса ұйқысынан селт етіп...



1 қараша 2002 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу