Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  112


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Сағынтпа мені

Мен деген еркем сандалған сағым,
Тек сенде ғана армандас әнім.
Сен үшін кешіп тамұқ күндерді,
Құм дала басып,
Заңғарды асамын.
Әніңе елітер ұйып қырдан гүл,
Естіп айығам күйік - мұңнан бір.
Сен шолпан ба едің күліп тұрған нұр,
Жасыңба сенің құйып тұр жаңбыр.
Өзіңдей айтып бір тұнық сырды,
Ағады бұлақ бұлқынып сыңғыр.
Сен жақтан ескен ескек желге де,
Кеудемді тосып күрсініп тұрмын.
Есіңе алшы лағыл жыр түнді,
Есіңе ал мені, тағы кіл сырды.
Бұлбұл үніңнен бақытын тауып,
Құлазыған көңіл бағы бір күлді.
Өзіңді ізде жарқын жырымнан,
Құтқарғын мені әнсіз ғұмырдан.
Сағынтпай мені, сандалтпай мені,
Арашалап ал мәнсіз дуылдан...



20 қыркүйек 2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу