Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
131
Ғашық әнім
Мына өмірден сыр өңірді іздеймін,
Гүл өрілген күдерімді үзбеймін.
Менсіз көлде аққу болып жүз мейлің,
Сенсіз мүлде шаттық көріп жүрмеймін.
Жүрмін әлі жараланып көзіңнен,
Жыр құлады дара, анық сезімнен.
Ашық тіпті кездерімде езілген,
Ғашықтықты сезбедің бе көзімнен.
Түсіме де жиі кірген сен едің,
Осы күнде күйігіңмен келемін.
Түсіне алсаң мәңгілік бол дер едім,
Құшып алсаң мәңгілік қол беремін.
Жасын – жанар,
Жолым да кең,
Тұр айық,
Ақынға жар болуға сен ылайық.
Мәңгі бақыт арна, бірге тұрайық,
Зар жылатып салма мүлде мұң-айып.
Ғашық әнім, нұр алар деп алда үміт,
Асығамын шығама деп таң күліп.
Оты өршіген жүрегімді зарлы ғып,
Кетесің бе кім біледі мәңгілік...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter