Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  89


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Тілек

Жүрек жыры көкжиекпен жабықтас,
Жылт-жылт үміт жұлдыздармен қалыптас.
Аңғара алмай арман қайда екенін,
Отыр жігіт желбіретіп етегін.
Кептер көңіл көк аспанға шарықтап,
Телміреді үнсіз Темірқазыққа.
Шымшып бетті шығыс жақтан шытқыл леп,
Дейді ішінен «Сәулем мені күттің бе?»
Сағынышы Үліңгірдей мұз керіп,
Ащы мұңы ерінінде тұз болып,
Марғау тартып ауыр тыныс алады,
Айсыз түнде құшақтардай қыз келіп.
...Жел ағытып мешпетінің түймесін,
Отыр жарың дәл өзіңдей күй кешіп.
Елбір түнде махаббатқа малынған,
Кездеріңді екеуің де еске алып,
Жанарларың жұлдыз жырын тағынған.
О, ғашықтық айналайын күшіңнен,
Жырақтардан бірдей күйге түсірген.
Қосылсын деп нағыз ғашық өмірде,
Тілеп тұрмын ішімнен...



7 ақпан 2000ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу