Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  176


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жаным әке

Дөңде тұрып,
Жолға қарап күн салып,
Тұрсың ба, Әке, мені күтіп кешқұрым.
Санамда бар сағыныштың қырсауы,
Аңсар менің аңқама әкеп қосты мұң.
Жаным Әке, сағындың ғой мені де,
Ұлым десең дарқан жаның жасыл жай.
Арманымның шығарып ең беліне,
Жүр ұлыңның зарығы бір басылмай.
Барам ертең, алаңдама сен менен,
Қияндарға шарықтауда арманым.
Жаным Әке кезде сені көрмеген,
Сағынышты осы әніме салғамын.
Әке сенсің мәңгі маған ұлы адам,
Мейіріңе қана алмаймын бұл үшін.
Қормалым-ай ауылымда жүр аман,
Ақталады алаңдама үмітің.



4 қаңтар 2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу