Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  197


Автор: Толқын Қабылша

МЫҚТЫМЫН МЕН!

Жас көрдім деп ұшынан жанарымның.
Халім сұрап, қайтесің?!
Жаралымын!
Жұлым-жұлым жүректі қолына ұстап,
Күлімдемек болады тəн-алыбым.
Жанның дертін емдейтін кім бар, сірə?!
Бақытым да, сорым да бір басымда,
Қылбырауға түссе де, үзілмеген,
Жапырақтай жаным тұр, шың басында.
Адалдық қой, тəрк етпес құс ұясын.
– Нəзіксің деп несіне жымиясың?!
Тəңір сүйген жүректің лүпіліндей,
Ұға алмайсың, жанымның құпиясын.
Болса-дағы сəттерім көп түңілген,
– Халім сұрап,
Қайтесің, күпті күннен.
Теперішін жазмыштың сілкіп тастап,
Тіл қататын тағдырға,
Мықтымын мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу