Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
493
АДАЛДЫҚТЫ АҢСАУ
Сол бір сәттер,
қайда кетті, мен сенген?
Сол мезеттер, қайда кетті, сен сенген?!
Жер мен көктей тым аяулы, тым алыс,
Адалдық-ай,
құның немен өлшенген?!.
Ғажайыпты,
қайда, қашан тәрк еттік?
Ай мен күнге, адалмыз деп ант еттік.
Сағыныштың кеудесінде күрсіндік,
Қимастықтың жанарында жалт еттік.
Пері емеспіз,
бола алмадық періште,
Бір мезетте құлдиладық еңіске.
Жанұшырып бір үмітке қол создық,
Бағытымыз жеңіліс пе, жеңіс пе?
Ғажайыптар қайда кетті, мен сенген?
Ғажайыптар қайда кетті сен, сенген?
Аласұрып аспан құшып келемін,
Адалдық-ай!
құның немен өлшенген?!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter