06.09.2022
  165


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ

Арындап арғымақтай жыл барады,
Тұрсынның бала шағы –
Қырда қалды.
Барады көкке самғап алып ұшақ...
Бағытын «Сиднейге» туралады.
«Сидней» –
Австралия астанасы.
Аралдың бетке ұстайтын бас қаласы!
«Осында Олимпиада өтеді!», – деп,
Көп болған күңіренген аспан асты...
СПОРТТАН –
Алты құрлық шеберлері,
Бірінен-бірі артылған өнерлері!
Бұл жерде палуандар белдеседі,
Бокстан бақ сынамақ өрендері.
ЖЕР ШАРЫНДА –
Бетіне жан қаратпай,
Кубаның –
СТИВЕНСОН ӨНЕРЛІ ЕРІ!
Кеудесіне нан піскен –
АМЕРИКА...
Теңіз –
ҚЫТАЙ,
РЕСЕЙ...
КУБА алдында:
«Келін» – боп,
Басын иіп төмендеді!
Алыста Тұрсын туған елі жатыр...
Төсіне аққу қонған көлі жатыр!
Толқыны тайдай тулап,
«Көкше теңіз»,
ЖЕТІ ӨЗЕН –
Ақ маржанын төгіп жатыр!
Балқашты ғашығындай өбіп жатыр...
Қасында шәкірттері сайып қыран:
Жас БЕКЗАТ –
ҚАЛЫҢ ТОПТЫ ЖАРЫП ТУҒАН!
ЕРМАХАН –
Еңсегей бой ЕР ЕСІМДЕЙ!,
Бапкері –
БАТЫР ТҰРСЫН ЖАНЫП ТҰРҒАН!
Қазақтың БАТЫРЛАРЫ алып қыран.
Қазақтың жігіттері –
БƏРІ БАТЫР!
Төменде:
Туған дала,
Тауы жатыр...
«Хан-Тәңір» –
Бар таулардың падишасы!
Етекте –
«ТАСҚАРАСУ» АУЛЫ ЖАТЫР.
Тудырған:
АҚАН СЕРІ,
ҚҰЛАГЕРДІ!
Бұл ДАЛА –
Бір кездегі –
ТҰРАН елі...
ТҰМАРҚЫЗ айдай ару – ПАДИШАСЫ,
САҚ елін
Ту түбіне құрап еді.
Алты жүз мың әскермен келген КИРДІ,
САҚ қылышы –
Бауырдай турап еді!..
ТҰМАРҚЫЗ!
Тау басына алып шығып,
Семсермен КИРДІҢ басын қағып тұрып...
Өз қанына батырып,
КИРДІҢ басын...
«Іздегенің қан болса?..
Тойғанша іш!», – деп,
Айтқан дейді астауға салып тұрып!
Тудырған:
Тайбуырыл,
Құлагерді!
Тұлпарлар батырлардың пырағы еді!..
Кешегі:
ЕР ҚАБАНБАЙ,
РАЙЫМБЕК!..
ТҰРСЫНҒАЛИ солардың мұрагері.
Бұлар да –
Сол ЕРЛЕРДЕЙ –
Намысты еді.
Қыймылы –
Оқтан да ұшқыр,
Барыс – тегі!
Сан елді рингте сан соқтырып,
Бір ұрған...
Кеудесіне нан піскенді!
Алған соң,
ТƏУЕЛСІЗДІК Қазақстан,
Қыраны КҮН астында самғап ұшқан!
КӨК БАЙРАҚ!
АҚ ОРДАДА –
Желбірейді!
Көрініп –
«САРЫАРҚАДАН» –
Ту алыстан...
Ішінен сонда Тұрсын күбірледі:
«Ел едік...
Біз де өзгедей бір іргелі:
Бекзат пен
Ермақанды бүгінгі күн,
Қолдай гөр!..
АТА,БАБАМ,ПІРІМ!», – деді.
«ҚАЗАҚТЫҢ көк БАЙРАҒЫ биік тұрсын,
АЛТЫН КҮН!
КӨК БАЙРАҚТА күліп тұрсын.
Баптаған балапаннан қос қыраным,
Мойнына АЛТЫН АЛҚА іліп тұрсын!
Шайқасқам қазақ үшін мен де талай!
Тер төгіп рингте жан аямай...
Ұшына найзасының жау мінгізген,
Қолдай гөр Қанжығалы Қарт Бөгенбай!
Отырды,
Тұрсын ойдың құшағында...
Аралға таяп қапты ұшағы да.
Төменде тебіренген мұхит жатты,
Алардай ер Тұрсынды құшағына!
ІІ-БӨЛІМ
ТҰРСЫНҒАЛИДЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Тұрсынның туған ауылы –
«Тасқарасу»,
Ар жағында –
Алатау, асқар асу.
Дәл іргеде –
Шарынның ертек сайы,
Шарын өзен ұратын тасқа басын...
Өткел бермей,
Өр Шарын долданатын!
Толқындары қырандай қомданатын.
Енді бірде атылып,
Арыстандай,
Енді бірде –
Жолбарыс жонданатын!
Сай жағалай тізілген –
Жақпар шыңдар...
Ертегі айтар...
Жан болса,
Егер тыңдар!
Кей шыңы –
Дюлардай көктен түскен...
Жүзінде кейбір шыңның қайғы-мұң бар!
***
Ол кезде бала Тұрсын –
Құлын еді!
Құлындай қырда ойнақтап жүгіреді.
Үзіп жеп жабайы алма достарымен,
Шарыннан алғаш балық іліп еді...
Ауылдың айналасы –
Айнадай көл,
Айдында асыр салып жүзіп еді...
Балалық – расында қызық еді!..
Қызылсай...
Көктемеде қыз реңді!..
Алыстан қарлы шыңдар тізіледі.
Көлдерден кешке жақын бақа шулап,
Құлаққа қой-қозының үні келді!
Күміс ай көл түбінде жүзіп еді...
Ішінде тоғыз бала –
Біреуі еді.
Тоғыз бала...
Тоғыз үй тіреуі еді!
Бұл жерде –
Ақын туған,
Батыр туған!
Тұрсынды батыр қылған –
ЖҮРЕГІ еді!
Бұл жерден –
Ер Хангелді қалмақ қуып,
Найзасын жауына алғаш білеп еді!
Хангелді немересі –
Райымбек,
Жауына жайдай ойнап кірер еді!
Осындай жер жәннаты жерде туып,
ҚАЗАҚТЫҢ өсіп жатты бір өрені...
***
Кім туып,
Бұл өлкеде кім өтпеген!
Сан сұңқар...
Тұғырында түлепті өрен.
Бұлбұлы Жетісудың ақын Сара...
Ту алыс Көкшетаудан айтысам, – деп,
Біржан сал –
Сара қызды іздеп келген!
Шарында –
Айдай сұлу Айкүміс қыз,
Айтысқан сан жиында жүректі ермен!..
Албаннан Мұқағали асып туған!
Тізесін ұлылардың басып туған.
«Хан – Тәңірдің» қанды көз жас қыраны,
Жырына – бар қазақты ғашық қылған.
Махаббат пен сезімге мас күнімде,
Оңашада жыр жазып,
Тас түбінде...
ҚазМУ-де оқып жүріп он тоғызда,
Мұқаңменен танысқам,
Жас күнімде.
Өмір деген өтеді қас қағымнан,
Құстар ұшты сан рет аспанымнан...
Мұқаңа арнап,
Сол кезде жазып едім,
Біраз шумақ төгейін дастанымнан:
***
Маңайдың бәрі...
Көгілдір мұнар көкпеңбек!
Көкпеңбек шаққа – біреулер жетті...
Жеткен жоқ!
Ақ төсін ашып,
Айдай боп шыққан аруды,
Бір жігіт өпті...
Көп жігіт әлі өпкен жоқ!
Сонау бір тұрған –
Көнетоз ТЮЗ-дің қасында,
Көнерген ғана бөз орамалы бар басында.
Кемиек кемпір –
Райхан гүлін сатады,
Сарқытындай ғып,
Сұлулығының жасында...
Бір адам ғана –
Жетпей тұр, әттең,
Дариға!..
Алматы гүлге оранып тұрған шағында!
Сонау көшені ол –
Мол тұлғасымен толтырып,
Келе жататын ақын Тоқаш бар жанында...
Тоқаш та қызу...
өзі де аздап қызулау...
Аын болған соң –
қызынбай жүру қызық-ау!
Алатау асып,
Мавр маңдайдан күн сүйсе,
Ол кезде оны –
Таудан айыру қиындау!
Мүйіз шақшалы –
Насыбайынан бір атып...
Кей-кейде тауша ойларға батып тұратын...
Ғарыштан сонда –
Ағып бір түскен жұлдыздай,
Біз жаттап жүрген – жаһут жырлары туатын!
Райхан гүлдеп,
Самырсын өскен мына бау...
Көктеме сайын –
Сағына күтіп тұрады-ау!
Шарап ішкенде –
Шалқып оқитын жырыңды,
Азғана халқың сағынып қалған шығар-ау!
Сағындым мен де!..
Кетпесем болмас енді елге...
Тобылғы түлеп,
Толғанда қозы көгенге.
Қайран ақын-ай!..
Өзіңді іздеп барушы ем...
Далиып жатқан ДАЛАНЫ көргім келгенде!
ІІІ-БӨЛІМ
ТҰРСЫНҒАЛИДЫҢ ЕСЕЮ ЖЫЛДАРЫ
Бәрі өтті!..
Бәрі де өтті бала бастан...
Сағымдай жыл жылжыды қарамастан.
Топ бала анау қырда асық атса,
Кенейін күшік ұрлап ала қашқан!
Ертеден...
Қаракешке қағып шілдек...
Даланың жаңбырында жаурап дірдек,
Кей күні ала бұзау еміп қойса,
Қорықпай...
Тұрсын үйге қалай кірмек!?
Қуатын шешелері балаларын:
«Ойының осылғырлар!
Қайда жүр?», – деп.
Тұрлыхан басқа анадан ерек еді.
Баланың бәрін бірдей көрер еді:
«Бәріңе Алла берген несібе!», – деп,
Əр жерден: құрт-ірімшік төгер еді.
Қоршап ап дастарқанды тоғыз бала...
Торғайдай несібесін терер еді.
Торғайдай несібесін терер еді!
Көргенде қаңсып тұрған тегенені...
Кештетіп,
әке атынан түскен кезде,
Ұяттан бала біткен өлер еді!
Үн-түнсіз ұйықтауға жөнеледі...
Нұржақып жас кезінен жылқы баққан.
Алты ай жаз,
Боранды қыс түспей аттан!
Құрық сап...
Тай үйретіп бала күннен,
Бел шешпей ауыр еңбек дәмін татқан.


Ежелден...
Жылқы бағу –
Ер ісі еді!
Ерлермен қатал тағдыр тебіседі!
Жүген-құрық тимеген шу асаудың,
Нұржақып –
Жынын қаққан «перісі» еді!
Қанжирен –
Асау қуғыш қандай бапты!
Саяқты талай қуып,
Жұлдызша ақты.
Тұлпарлар тұяғынан от шашырап,
Төсінде кең даланың –
Дабыл қақты!
Денесі Дәуіт соққан көк болаттай!
Қимылы ұшқыр еді атқан оқтай!
Тауда өскен «Тасқарасу» барысы еді,
Жанатын қос жанары –
Бейне шоқтай!
Ол үшін –
Бар байлығы балалары!
Тұрлыхан сүйген жары-аналары.
Тұрағы –
Жылқышылар қара қосы,
Қарайған...
Көз ұшында даладағы!
Сол қоста –
Ойға батып талай жатқан...
Тұнжыр түн қара шаштай жерді жапқан.
Ертеңгі алдан күткен бақытындай,
Аспаннан сансыз жұлдыз жымың қаққан.
Шұрқырап қалың жылқы тебінде жүр,
Жерде емес,
Биік таудың көгінде жүр.
Ит-құстан сақа айғырлар үйір қорып,
Кіре алмай сәуіріктер сенімге бір...
Жағалап әр үйірдің шебінде жүр.
Баспа ғып,
Тас тасалап арландар жүр,
Тапсам деп,
Оңай олжа –
Армандап жүр!
Ішінде қарлы боран жылқышылар,
Ит-құсқа абай қылып айқайлап жүр.
Баспалап тас тасалап,
Арландар жүр...
Кей күні –
Дала төсін түн жабатын.
Қаһарлы кәрі боран жынданатын!
Отар ығып,
Бет алды айдалаға...
Лағып сәйгүліктер түнге ағатын!
Арсылдап жан-жағынан аш қасқырлар,
Адым жер – көру, тіпті,
Мұң болатын...
Лағып сәйгүліктер түнге ағатын!
Жан-жақтан жылқышылар ұрандайтын,
Тарс та-тұрс мылтық атпай тұра алмайтын!
«Шарынның» пана шыңы алыс қалып,
Айдала, құла дүзге шығандайтын...
***
Таулардың –
Міне, осындай сырлары бар!
Ақынның –
Жазылмаған жырлары бар...
Батырдың –
Құмда қалған қылышы бар!
Оққа ұшқан көсемдердің тулары бар...
Көлбеңдеп...
Көк сағымнан құм көшеді.
Мың жылмен –
Ақын жаны тілдеседі!
Қазақтар ұлан-байтақ жерін қорғап,
Басынан Қаратаудың мұң көшеді!
«Басынан Қаратаудың көш келеді...
Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді.
Айырылған қарындастан қиын екен...
Мөлдіреп қара көзге жас келеді!»
Алатау,
Тарбығатай,
Алып Алтай,
Кетпеген қыстың қары жаздың алты ай.
Басынан – жауы түгіл,
Бұлыт аса алмай,
Жылаған ар жағында қалың қытай!
ТҰРАНҒА –
Жер шарында жер жете ме?
Кеңпейіл ҚАЗАҒЫМА ел жете ме!?
Сол елде туып өскен Ер Сарының,
Өмір батыр ұлына –
Ер жете ме?
Арғы атам...
Өмір деген батыр дейді.
Тіккені басына алтын шатыр – дейді,
Соғысып:
Қытай менен қалмақпенен,
Шыңында –
Тарбығатай жатыр – дейді!
Ол дағы Нұржақыптай жылқы баққан,
Аязда ат жалына қырау қатқан.
Беліне он үшінде болат байлап,
Үңілтіп...
Көк найзасын жауға шапқан!
Ойнатып Тайшұбардай тұлпар атын,
Ол күнде – туғаныңнан ажал жақын!
Ағасы:
Əуел,
Көки –
Қос арыстан!
Жау көрсе,
Көк найзадай қырланатын.
ІV-БӨЛІМ
Ұрпағы:
Ақындардың,
Батырлардың,
Тұрсын жайлы жырыма жақындадым.
Мен өзім –
Ер Өмірдің ұрпағымын!
Алашта –
Зейнолла ақын атым мәлім.
Ауылда Тұрсын да өскен мендей болып,
Жарасқан ақша бетке –
Меңдей болып.
Анасы қойынына салып берген,
Тоқашын –
Достарымен теңдей бөліп...
Жеген соң...
Тал ат міну жарасатын!
Асыр сап,
Ақсүйекке таласатын.
Ойыннан...
әрберден соң от шығатын,
Аяғы төбелеспен тарасатын...
Көбінен Тұрсын бойы аласа тым...
Өңшең бір...
Бәдәуидей қара бала!
Ұрыста –
Тұрысатын шама бар ма?
Шуылдап бір-біріне ат қойғанда,
Тебініп астындағы ағаш атын...
Ұзайтын ұрыс шуы...
Майдан қызып,
Жеңілгенді қойдай ғып айдау қызық!
Кей кезде – көз көгеріп,
Құлақ қанап,
Тентектер тарасатын танау бұзып.
Кей әйел үйге келіп шаптығатын!
Көкайыл тілі удай ащы қатын.
Бет-аузы көнектей боп ісіп кеткен,
Тұрсынды анасы үйден ап шығатын...
«Абыстай!..
Мә, ала ғой...
Жүндей ғой !» – деп,
«Саба да,
Бетін жөндеп түрлей ғой!» – деп,
«Таласқан бала мен ит бірдей ғой!» – деп,
«Балалар төбелесер күн-күн сайын,
Көршіміз:
Бірі құда,
Бірі қайын.
Үйге кір!..
Оңашада бір ішейік!
Ақ құйрық Алматының «ындын» шәйін...»
Сонан соң көрші қатын ол да күліп,
Қанатын үнді шәйға таңдай жібіп.
Ойынға жөнелетін бала Тұрсын,
Астына ойнақтаған тал ат мініп.
Осылай...
Күн артынан күндер өтті!
Тұнжырап...
Қабақ түйіп түндер өтті.
Тұрсынғали дейтұғын қара бала,
Ер жетіп,
Етек жабар күн де жетті!
Сол жылы «Шамалғаннан» оқу оқып,
Су маманы ғылымын ойға тоқып,
Михайл Краснянский деген жігіт,
Дәм тартып, келіп еді ол да ержетіп ...
Жас жігіт Алатаудың аршасындай,
Жанына өскен еді кір жасырмай.
Ішіне қазақтардың сіңіп кетті,
Қазақтың торсықтағы малтасындай!
Бокстың:
Кандидаты, Шебері еді.
Білмейді бұл өмірге не береді...
Ерте-кеш «Тасқарасу» балалары,
Доп қуып жүретінін көрер еді...
Михайл оңшада ойға қалды...
Бокстың құралдарын сайлап алды.
«Қазақтың балаларын баулиын!» – деп,
Түнімен ұйқы көрмей ойланады.
Түнімен ұйқы көрмей ойланады...
Құм салып,
Дайындады дорбаларды.
Көтерер –
Штанганы тастан құрап,
Гантелді –
Темірлерден долбарлады...
Сонан соң,
Кең жазықта ойнап жүрген,
Қазақтың балаларын өңшең кілең,
Шақырды да,
Боксті бастап кетті,
Асылтып турниктерге білем-білем...
Ерте-кеш шуылдаған қара бала,
Ұқсайды ұядағы араларға.
Бірі ұрып «грушаны»,
Бірі теуіп,
Ойнайтын балықтай боп жағалауда.
***
«Не ексең – соны орасың!», – дейді қазақ,
Сан ғасыр Отан үшін тартқан азап!
Арада жыл өтпей-ақ бала Тұрсын,
Бокстің өнеріне қанды ғажап!..
Бұл өнер –
Жаратпайды жасықтарды!
Бойында өрекпиді тасып қаны...
Қоштасты Тұрсын солай балалықпен,
Шашылып...
Төр алдында асық қалды!
Бұлтылдап бұлшық еті ширығады,
Өшігіп құм дорбаны ұрғылады.
Бір бұттық ауыр кірді доп қып ойнап,
Тепкенде қарағайды сындырады!
«Шарынға» ерте тұрып,
Суға түсіп,
Турникке асылғанда –
Мың бұралды.
Қарт таулар шежірені жыр қылады!..
Тау сырын –
Тұрсын ұқпай,
Кім ұғады?
Жақ тартып,
Семсер сермеп бала күннен,
ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ шынығады!
***
Батырлар он төртінде атқа қонып,
Жасаған түнделетіп жатқа жорық.
Қалың ҚАЗАҚ ҚАЛҚАНЫ ер Қабанбай,
Жол салған қамал бұзып,
Тас қопарып...
Ол жылдар: Ереуіл жыл,
Ерлік жылы!
ҚАЗАҚТЫҢ –
Атқа қонған өрлік жылы!
Ел болып,
Басын қосып құба қалмақ,
Таласқан:
Қазақ, қалмақ теңдік жылы!
Ол жылдар:
Қанжығалы – Қарт Бөгенбай,
Жанында оқтан ұшқыр жас Жанатай!
Құрдасы Абылайдың –
Жәпек батыр,
Жүз жауға қарсы шапқан –
Ер Ағынтай...
Ол жылдар:
Салқам Жәңгір қазақ –
Ханы.
Құруға қазақ халқы –
Аз-ақ қалды...
Алты жүз жігітімен Салқам Жәңгір,
Жау қолын Отанына жолатпады!
Қалмақтан елу бір мың қол аттанды...
Аз емес...
Батыр1
қолы мол аттанды!
«Жоңғардың қақпасынан» бекініс сап,
Алты жүз батыр жігіт жолатпады!
Кім білсін...
Жел айтты ма...
Жын айтты ма?
Түнерген кең далада шың айтты ма?
Самарханнан Жалаңтөс батыр2
келді,
Бір сәтте қазақ қолын молайтты да.
Жалаңтөс Самарқанда билік құрған!
Алшынның арыстаны дара туған.
Жолатпай:
Иранды да,
Ауғанды да...
Жас батыр жайдай ойнап,
Жауын қуған!
Келген соң,
Жиырма үш мың ауыр қолмен,
Жоңғарлар аттың басын кейін бұрған.
***
Кезі еді...
Он алтыда Тұрсын жасы!
Домалап өрге ұшты тепкен тасы.
«Аудандық чемпионат өтеді!», – деп,
«Есікке» жұрт ағылды кәрі-жасы.
Бозбала шаршы бойлы,
Қынай белді,
Бокстан бақ сынауға құмар еді!
Отырған тәмам жұртты таң қалдырып,
Өрім жас рингке шыға келді!
Көз тігіп,
Көрермендер қарап еді...
Толыспаған Тұрсынға жадау өңді.
Қомсынып кейбіреулер бас шайқады,
«Аузынан сүт кеппеген бала!», – деді.
«Қолға жақса,
Асықты кеней дер...», – деп,
«Көрелік, мұны бала демеңдер!», – деп,
«Батырлар он бесінде –
Жауға шауып,
Он жаста билік айтқан кемеңгер көп.»
Кейбіреу ойға кетіп аса күпті,
Тұрсынды демесе де аса күшті...
«Төле би он жасында билік айтып,
Қаршадайдан бала-би атаныпты».
Осылай шулап жатты...
Көп аламан,
Етпесе де –
Мол дәме жас баладан...
Бапкері Михайлды медеу тұтып,
Өзіне Тұрсын алғаш дос санаған!
Бәйгеден аты келсе мақтанбай ма,
Жаратып алты ай қыста қосқан адам?
Дүрсілдеп...
Жас жүрегі қағып қатты.
ЖЕҢІСТІҢ –
Алғашқы рет дәмін татты!
Үлкендер арасынан бала Тұрсын,
Төсіне күміс медаль тағып қайтты.
Өмірдің бұралаңы,
Соқпағы көп...
Мылтықтан атылатын оқта мін жоқ!..
Кейбіреу қиял қуып...
Бұл өмірден,
Өкінішпен сандарын соққаны көп.
«Киіз қазық енеді жерге – дейді,
Ұратын кездей келсе тоқпағы дөп!»
Тұрсынды қағатұғын –
Тоқпағы жоқ!..
Арынды ат сүрінер оқпаны көп.
Қас пен көз арасында өмір өтті,
Өмір – өзен!
Өзеннің тоқтауы жоқ...
Алматы – Арман қала...
Гүлді қала!
Алыстан қол бұлғады оттары боп...
Онсегіз жас жігіттің –
Қиял шағы!
Жүрегі...
Күй аңсады,
Жыр аңсады!..
ЖАСТЫҚ ШАҚ –
Мәжүніннің МАХАББАТЫ!
Жігіттің оттай жанған қыран шағы!
Жастық шақ –
Жұлдыз жанған түндей болып,
Теңізден таңда шыққан күндей болып!
Немесе...
Көктемеде шөл далада,
Жауынға шөліркеген гүлдей болып...
ЖАСТЫҚ ШАҚ –
Жұлдыз жанған түндей болып...
Бір кезгі –
Көрші қыздар, балаң қыздар...
(Қыз жайлы халқымызда сан аңыз бар!)
Сол жылы:
Баян болып,
Құралай боп,
Бой жетті жалаңаяқ қара қыздар!
Шелек ап иінағашпен суға барып,
Бұрымын бұлаңдаған суға малып.
Азаннан ат суарған бозбалаға,
Қарайтын қарақат көз қыз қадалып!
Бұрымын бұлаңдаған суға малып...
Ол кезде –
Тұрсын ондай сырға қанық...
Өзді-өзі сырласатын қырға барып.
Құлын мүше...
Сұлу қыз судан қайтты,
Жүрегін жас жігіттің ұрлап алып.
Бұрымын бұлаңдаған суға малып...
«Шарынға»...
Алабұртып ай шығатын!
Шақырып тораңғылы сай тұратын...
Қыз күткен асау жүрек лүпіліне,
Құлағын құла дөнен қайшлайтын...
«Шарынға» алабұртып ай шығатын!..
Алатау асқар шыңы –
Ойлы аспанға,
Батырдың найзасындай шаншылатын.
***
Сол көктем!..
Ертек көктем...
Аңыз көктем!..
Жаудырап шолпы таққан жазы жеткен.
Қарлығаш шаңыраққа ұя салып,
Таулардың күміс моншақ қары кеткен...
Жаудырап шолпы таққан жазы жеткен!
Сол жазда...
Жасын тіліп,
Отты аспанды,
Махаббат жүрегіне от тастады.
Сол жазда!..
Шашын қойып бала Тұрсын,
Айнаға алғашқы рет көз тастады...
Он жылдық мектебімен хоштасқан-ды.
Шашына алғашқы рет тиіп тарақ,
Айнадан сүмбіледей жігіт қарап!..
Əкесі алып берген сұр костюмді,
Он рет... ақ көйлекпен киіп қарап,
Айнадан сүмбіледей жігіт қарап!
Бітіріп он жылдықты –
Қала барды.
Алматы зәулім үйін аралады.
Таныс жоқ,
Туысқан жоқ,
«Крыша» жоқ!
Қаланы жалыққанша аралады.
Адасып...
Ана көше, мына көше,
Физкультура оқуын таба алмады.
Сол күні оқу орнын таба алмады,
Бақтарды,
Парктерді аралады...
Жас жігіт –
Алғашқы рет үйден шыққан,
Алматы түнгі аспанын паналады!


Сол түнгі...
Алматының түні қандай!
Сынық ай таудан шығып,
Сызылардай...
Жұлдыздар –
Көк аспанға шашқан жаһут,
Ұйқыда Алатаудың жүзі қандай!
Сол түнгі...
Алматының түні қандай!..
Ауылдың баласы ғой қарадүрсін,
Арманын ай астында таң асырсын.
Сол түні орындықта ұйықтап шықты,
Басында баспана жоқ бала Тұрсын.
Бәрі өткен бұл өмірде...
Болған бәрі!
Тұрсынға оқу да арман...
Арман бәрі!
Тәңертең тапты ақыры оқу орнын,
Үмітін болашақпен жалғағалы.
Бәрі өткен...
Бұл өмірде болған бәрі!
Сынағын ойдағыдай өткізді де,
Оралып жатағына кешкі іңірде,
Жөнелді таңғы азаннан ерте тұрып,
Ұмытып...
Шаюды да бетті мүлде.
Бірақ та,
Тұрсын сыннан өте алмады.
Өмірдің бердеңкесі от алмады!
Паспорты үйде ұмыт калды дағы,
Көздеген арманына...
Жете алмады!
Алматы үлкен қала,
Алып қала!
Пана болған –
Жатқа да,
Танысқа да...
Тұрсынның одан соңғыБір үміті:
Үй салу...
Лай айдау,
Қалып қана!
Ол кезде –
Қазақ халқы бодан еді!
Орыстың он бесінші одағы еді.
Қожайындар –
Орыстың шовинисі,
Одан соңғы сиынар коммунисі...
***
Менің де жарығаным –
Аз-ақ еді!..
Қазақтар ...
Ол уақытта мазақ еді.
Қаладан –
өлсең жатар көр таппайсың!
Екі адым көр қазатын жер таппайсың...
Тартқаның ертелі-кеш азап еді!
Ол дағы:
Біздің азап,
Тартқан азап...
Алматыда сан рет болдық мазақ!
Таң атса,
«Жетім» бұрыш сағалаймыз,
Өз жеріңде қаңғыру қандай ғажап!..
Онда да:
сатқын әкім,
жалпақ ақын,
Кремлден бес жұлдыз ап шығатын...
Келген соң,
Алматыға төсін керіп,
Жау түсіріп келгендей аптығатын.
Онда да: Сатқын әкім,
Жалпақ ақын...
Алматы алтын таңы арайлайтын,
Бозарып Алатаудан ай аунайтын.
Үш тиын ақша таппай трамвайға,
Зейнолла жатағына жаяулайтын.
Бозарып,
Алатаудан ай аунайтын...
ЦК-лар онға дейін оянбайтын,
Қызыл сөз сапырудан аянбайтын.
Жер жүзі бірге туғанИНТЕНАЦИОНАЛ!
Сібірдің мұжығына қарайлайтын...
Бәрі өткен...
Айтатыны:
Бәрі өтірік!
Жүруші ек...
Іштен тынып біз де өкініп!
Бір мөшек бастарына медаль жастап,
Бірежнев көсемі –
өлді өкіріп...
Бәрі өткен...
Айтатыны бәрі өтірік!
***
Тұрсын да келіп еді сол қалаға,
Ер жігіт –
Талпынбаса...
Жол бола ма?
ҚАЗАҚТАР үй алуы мүмкін еді,
Ғаламға коммунизм орнағанда...
Коммунизм...
Болмасын білетінбіз!
Білетінбіз...
Білдірмей жүретінбіз.
Қолымызды шығарып қалтамыздан,
Мынаны!
Орнатар деп күлетінбіз...
Қалада ашқұрсақтау жүретінбіз.
Оқуды Тұрсын дағы жауып қойып,
Қалада құрлыс салды,
Қалып қойып...
Болмады бастапқыда жігіт жолы,
Паспорты ауылында қалып қойып!
Көргені –
Қаршадайдан еңбек еді.
Еңбекпен арманына өрлеп еді
Құрылысқа кіргеннен соң,
Дәл сол жылы –
Тұрмысы жас жігіттің жөнге келді.
Көргені қаршадайдан еңбек еді...
Кешкісін –
Жұмыстан соң жатағынан,
«Динамо» қоғамына жөнеледі...
Бапкері –
Салуянов Виктор деген.
Күндіз-түн шәкіртінің қамын жеген!
Тұрсын да алғашқы рет достарымен,
Бокстің қаладағы залын көрген.
Өңшең жас...
Ертелі-кеш терге батып,
Секіріп,
Қап төмпештеп жанын жеген...
Қайтпайтын алған беттен –
Бір бетті еді!
Арманына бір жетті,
Бір жетпеді...
Келер жыл оқуына түсіп алып,
Арманға дақ түсіріп кірлетпеді!
Сан көктем гүлін төкті...
Күліп шығып,
Намысын батырлардың биік қылып.
Тұрсын да сол ерлердей сан шайқасты,
Білегін рингке түріп шығып!
V-БӨЛІМ
СИДНЕЙ ОЛИМПИАДСЫ – 2000
Мінеки,
Сиднейге ұшақ қонды.
Гүлдерге буда-буда құшақ толды...
Бас бапкер Тұрсынғали көрді аралап,
Қазақтың батырындай ұқсап соңғы.
Есінде «Тасқарасу»,
Тентек «Шарын...»
Көзіне елестетті соның бәрін.
Есінде...
Тобылғы сай,
Бүлдірген сай!
Жастықтың айлы түнде татқан дәмін.
Өткен күн көк көйлекті бейне сағым,
Оқыған жағрапия алғаш пәнін...
Жер жүзін қиялымен аралайтын,
Арада өтіп кетті талай ай-күн...
«Гобиде» нарға мініп,
Құмды кезіп,
Кей кезде Мұз Мұхитын жағалайтын.
Жылытқан жүрегінде қызуы мол,
Ыстықты туған жерден таба алмайсың!
Бұл қала – көптен күткен арман қала!
Аралда –
Жұлдыз болып жанған қала.
Бір кезде жағасына-
«Дункан» – тоқтап,
Жюль Верн –
Қиялынан қалған қала...
Бұл қала –
Көптен күткен арман қала!..
«Капитан Гранттың балалары»,
Тауларды,
Мұхиттарды саралады...
37-параллел бойыменен,
Талай-талай құрлықты аралады...
Əкесін сонда дағы таба алмады!
Австралия –
Материк...
Үлкен арал.
Бір шеті мен
Бір шеті ғаламдағы,
Құрлықтардың бірі екен ойлап тұрсаң,
Қилы ұлыттан құралған адамдары...
Жер жанаттай, көкпеңбек,
Аспан тұнық!
Субтропика аймағы болмас суық.
Кісінің етін жеген жабайылар,
Мұхитқа бетін жуған –
Мұнда туып...
Аралдың күні ыстық,
Түні суық.
Бұл жерде –
Бен-Джойс –
Қарақшысы,
Олжалап поезд тонап,
Талап кісі...
Теңізден балық аулап индейстер,
Адамның сонда өскен –
Арапшысы...
Бұл жерге –
Кімдер келіп,
Кім кетпеген!?
Саудагер –
Мұнда пайда іздеп келген.
Теңіздің:
Шаяны мен құртын сатып,
Жалаңдап алыпсатар мұзбеттенген!
Бұл жерге –
Кімдер келіп,
Кім кетпеген!
Қиялмен бала күнде аралағам...
Желкенді кеме мініп жағалаудан.
Кей түндер...
Тынық Мұхит төсін сүзіп,
Қаңғырғам...
«Қазына» іздеп аралдардан.
Кей түндер –
Қиялыммен байып қалып,
Алдыма жер картасын жайып салып,
Капитан Немо болып,
Мұхит түбін,
Сүңгігем...
Сүңгуірлі қайық салып.
Жас Тұрсын –
Батыр болмай,
Ақын болса,
Қиялы ақындарға жақын болса,
Жырлар еді туған ел қайғы мұңын...
Егер де Махамбеттей ақын болса!
Берген соң –
Алла маған ақындықты,
Он үште – ақын деген атым шықты!
Жағымпаздар жалбақтап жыр жазғанда,
Менің үнім –
Бәрінен батыл шықты.
Солай жеңіп алғанмын батырлықты!
Алдаспандай жырларым жарқылдаса,
Елін сатқан сатқындар басын бұқты.
Сан рет жан-жағымнан жау қаптады:
Ойда орыс,
Қырда қытай аулақтағы...
Іргеден қоқан сарты,
Қара қырғыз,
Жоңғардың нояндары,
Қалмақтары...
Медалға:
Елін сатып,
Жерін сатып,
Қазақтың сатқындары жалбақтады!..
Егер де сол сатқындар тумағанда,
Қайғыға халқым бетін жумағанда,
Орыстар бір миллион қазақ халқын,
Неміске айдап салып,
Қырмағанда...
Батырлар басқыншыны қумағанда...
Бостандық жайлы мен де жыр жазам ба!?
Сан ақын –
Тәтті сөзбен күн алдады!
Түлкі боп, басқыншыға бұлаңдады.
ТƏУЕЛСІЗДІК аузша бергенімен,
Кетпеді Кремлдің жыландары!..
Босқа жырлап қайтемін азғындарды!
Қу сөзбен –
Туған халқын мәз қылады.
Бір ойды...
Бір ой түртіп, жазған сайын,
Есіме күндер түсті бағзыдағы...
***
У да-шу арал,
Сидней оты жарқылдап,
Аспан да,
Жер де,
Оранған отқа лапылдап!
Арсы да-гүрсі...
Фейрберктер атылды!..
Миллион жұлдыз...
Келеді жерге жақындап.
Олимпиада –
Мейрамы жұмыр ғаламның,
Билеп жүр халқы –
Көшеге шығып аралдың.
Бақыттан!..
Адам жынданып кеткен сияқты...
Қадайды көкке қызарған қанды жанарын!..
Олимпиада...
Жаққанда алғаш алауын,
Ермақан шықты қазақтың тобын бастаған.
Қолына ұстап,
Алтын күн күлген жалауын.
Кімдер жоқ мұнда?..
Қиық көз қытай,
Араб та...
Келеді Кавказ:
Жан-тәні құмар таласқа!
Грузин шықты –
Қап-қара мұрты қиылып,
Молдаван шықты –
Жақындау шампан-шарапқа...
Кімдер жоқ мұнда?..
Қап-қара түнге малғандай,
Қап-қара шашы –
Жел ұйпап кеткен ормандай...
Қап-қара сұлу...
Негірдің қызы келеді,
Құшаққа қыссаң, қап-қара көмір жанғандай!
Тобылғы торы-жапонның қызы келеді.
Француз қызы –
Келеді сапта...
Ай маңдай!
Балбала тастай...
Мүсінін құйған қоладан!
Келеді мавр –
Басына шалма ораған.
Ағылшын шықты –
Қатынның киіп көйлегін,
Мұңғылдар шықты –
Шапанын киіп шәниіп...
Келгендей болып,
Алай да-дүлей бораннан...
Бәрі де шықты!..
Сұлу да-сүмбіл жігіт те,
Көңілде жатқан –
Үміттен гөрі күдік пе?
Ұмтылды бәрі –
Күдіктен гөрі үмітке...
***
Басталды солай...
Намыстың ұлы майданы!
Біреулер алтын,
Біреулер «күміс» айды алды.
Басталды солай –
СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫНДА,
ҚАЗАҚТЫҢ алғаш майданы!
Ермахан шықты!..
Бір ұрып жықты негрді.
Американың – намысы сонда сөгілді.
Бекзаттың ауыр соққысын жеген бір негір,
Чемпион бұрын болса да ақыр жеңілді...
Бекзаттай батыр –
ҚАЗАҚТАН енді тумайды!
Тумасын жыр ғып,
Алапат мұхит жырлайды.
Халқымның менің –
Маңдайда соры бес елі...
Бес елі сорын –
Мұхиттың суы жумайды!
БЕКЗАТАЙ БАТЫР!..
Қазақтан қайта тумайды!
***
Барлығы өтті...
Жеңістің шуы басылды.
Көктеме өтті
Аспанда жайнап жасыны.
Сол жылы менің бетіме ұстар көсемім,
Көгенге тізген қозыдай болып атылды!
Атылды бәрі!
Заманбек пенен
Алтынбек!..
Батырхан,
Асхат,
Армиял сынды асыл тек...
Азғын ақындар той тойлап жатыр масайып,
Сатқындар жатыр –
ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІНБасып жеп!..
Жей берсін мейлі...
Олар да бір күн жарылар!
Жарылар түгел...
ҚАЗАҚТАН туған тағылар!
Шет елдік тыңшы –
Қап-қара шапан жамылар...
Отанын сатқан –
әзәзіл басы алынар...
***
Бәрібір қазақ...
Сатса да қанша өлмейді!
ӨЛМЕЙДІ ҚАЗАҚ!
Аспанға мәңгі өрлейді!..
Намысын бермес,
Тұрсындай батыр тұрғанда,
Қазақты еш жұрт жеңбейді!
З.Тілеужанұлы 241 ОТ АДАМ
Қазақтың күні –
Аспанға мәңгі өрлейді!
***
Жас Бекзат жатыр!
Туған жер төсін жамылып,
Ертелі-кеште көшеді бұлттар ағылып.
Батырды мәңгі!
Есіне елі алады...
Ақындар түнде жазады жырын қамығып.
Оркестр ойнап,
ҚАЗАҚТЫҢ сонда ұранын!
Құшақтап Тұрсын –
Бекзаттай асыл қыранын,
Көктеме сайын...
Жамылған көк ту Бекзатты,
Қызғалдақ жапқан далаға ойлап шығамын!
ЖЕҢІСТІҢ жолы –
Қашанда қиын...
Бұралаң,
Жекпе-жек шығып,
Батырлар бағын сынаған!
Төреші келіп,
Таққанда алтын медалді,
Бозбала Бекзат...
Көзінің жасын бұлаған.
Теледидардың алдында мен де жылағам!
Жыламай қалған қазақта жоқ қой бір адам...
Оркестр ойнап,
Гимнін – қазақ ұраны.
Бекзаттай батыр халқымнан әлі туады.
Шәкіртін еске ап,
Дүбірлі талай сайыста,
Бас бапкер Тұрсын мұңайып үнсіз тұрады.
Өмірде аз күн...
Адамға керек жұбаныш.
Өмірдің уын –
Жасына көздің шылап іш!
Кей-кейде мен де,
Мәңгүрт боп кеткім келгенде,
Демейді келіп,
Көрінбей кеткен қуаныш!
Тұрсынның сонда есіне түсті ту алыс...
Қазақтың жері,
Қазақтың елі келеді.
Қорадан шыққан қойдай боп қиял өреді...
«Тасқарасуда» –
Шынары менен терегі,
Өзі егіп кеткен –
Мәдина, Əділ өрені...
Мәдина, Əділ сермесең –
Қыран қанатың!
Қос құлыны еді құлдырап қырда шабатын.
Қиналған кезде –
Жекпе-жек шығып бокста,
Қос қарашығын ер Тұрсын еске алатын!
Нұржақып әке,
Ағасы Бекет туғандай...
Туғандай болып,
Тұрсынды қолдап тұрғандай!
Əлемдік бокс мүшесі болған бір кезде,
Сол Махмудов батасын беріп тұрғандай.
VI-БӨЛІМ
Эпилог
ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ
Барлығы өтер...
Барлығы бітер!
Шайлығың...
Жаттың жанындай қинаумен тапқан байлығың.
Жауатын күндей батыр да өтер күркіреп,
Ақын да өтер...
Жамылып бұлытын қайғының!
Жастығың өтер –
Жарқылдап жанған жайдай боп,
Арулар өтер аспанда жүзген айдай боп...
Өзі тойса да,
Көзі тоймайтын төбеттей,
Отанын тонап,
Жарылып өлген хандай боп!
Тоқсан мың жылқы –
Тоқтышақ құрлы көрінбес,
Қарабай сынды,
Шығайбай сынды байлар көп...
Барлығы өтер...
Отаның мәңгі!
Ел мәңгі!
Ұлы Алла силап,
Қазаққа берген жер мәңгі!
ҚАБАНБАЙҒА ұқсап,
Қубас тұлпарын қамшылап,
Қаратауымнан жауларын қуғанЕр мәңгі!
Барлығы мәңгі!
Жұлдызды аспан,
Қара түн!
Шаңырақ мәңгі!
Туырлық мәңгі!
Жабатын.
Сол шаңыраққа –
Бір уық болып шаншылсаң,
Байтақ далада –
Өзің де мәңгі қаласың!
Отырмын мен де...
Момақан түнде мұңданып,
Аспанда ұшқан пері қыз жайлы жыр жазып.
Тағатсыз жүрек тасырлап шаба жөнелді...
Сусылдап жалы түнге ағып!
Пері қыз – МУЗАМ!
Көк сағым көйлек киінген.
Көгілдір таудан құшағын ашып жүгірген!
Таулардан шыққан алтын ай –
Оның сырғасы,
Жұлдызды тағып,
Көк торғын кемзал киінген...
Қараңғы түнде...
Қайыңды көрсең қолаң шәш,
Сұлу МУЗАНЫҢ –
Ақ балтыры де түрілген!
Көгілдір таудан құшағын ашып жүгірген...
Қараңғы түнде...
Қиялдап алып бір ауық,
Терезені ашып,
Тауларға қарап тұралық.
Жылауық байғыз –
Үніне құлақ салайық,
Түсінсек тілін –
Одан да хабар алайық!
Арманда кеткен –
Мұстфа жайын сұралық!
МҰСТАФА – батыр!
МҰСТАФА – інім –
ӨЗТҮРІК!
Көктей ғып жұлды...
Сәтіне ісін келтіріп.
Қылышын қайрап,
Сырт жақтан келген жау емес,
Жау шауып кеткен:
Жесірдің,
Жердің дауы емес!
Біздің қазақ та:
Қашқын,
Сатқыннан сау емес!..
Ақыры тынды өлтіріп...
МҰСТАФА – батыр!
МҰСТАФА ІНІМ!..
ӨЗТҮРІК!
АЛАШҚА ұран –
ҚАБАНБАЙ БАТЫР ұрпағы...
ҚАБАНБАЙ БАТЫР!
Көк мұздай сауыт құрсанды.
Бір жақтан:
Қоқан,
Бір жақтан жоңғар шапқанда,
Емшектес елім –
Қырғыздар бізді сатқанда,
Атеке – Жырық –
Ту сырттан бұғып атқанда:
Қытай мен орыс зеңберек беріп қалмаққа,
Ар жағын істің...
Інінде жатып баққанда!..
Арыстан туған қазақтың өңшең батыры:
Алатауымнан,
Қаратауымнан ақырды!
Солардан қалған Мұстафа сынды асылды,
Ажалға қалай көздері қыиды сатқындар?
Əбдісаланды мылтыққа байлап аттыңдар...
Содан не пайда таптыңдар,
Қазақтан шыққан сатқындар!?
Ертелі-кешті...
Аспаннан бұлттар ағылып,
Туған ел отыр –
Сендерді бүгін сағынып!
Он тоғыз жасар жас Бекзат жатыр жер құшып,
Туған даланың жас топырағын жамылып...
Қыраным, Бекзат!
Қай ерден басы кем еді?
Намысты ерлер –
ҚАЗАҚТЫҢ жауын жеңеді.
Бұйығы түнде...
Қолыма алсам қаламды,
Өкініш өксіп...
Көзінің жасын төгеді!
Бокстан Бекзат –
Алтыннан медаль таққанда!
Қол соғып әлем!..
Сидней шулап жатқанда...
Менің де төбем екі елі көкке жетпеді,
Бапкері Тұрсын –
Құшақтап сүйіп жатқанда!
Қажымұқан бабам тіріліп қайта келгендей,
Алты құрылықтың алыбын түгел жеңгендей.
Карон палуан қабырғасын қаусатқан,
Балуан Шолақ –
Қол жайып бата бергендей!
Қазақтың қайран атасы менен анасын,
Ерлерді туған еріксіз еске аласың...
Атадан қалған:
ЖЕРІҢДІ сатып,
КЕНІҢДІ ...
Мәңгүрт ҚАЗАҚТАР!
Қай жаққа көшіп барасың?
Шығысқа көшсең –
Аждаһа қытай араны!..
Батысқа көшсең –
Орыстың иті таласын!
Түстікке көшсең –
Қоқанның сарты қоқаңдап,
Көшіңді тонап,
Қыз-қатыныңды сабасын!
VIІ-БӨЛІМ
ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ
Білмеймін осы аңызды ел айтты ма,
Немесе...
Сұлу Көкше көлі айтты ма?
Немесе...
Аңырақайдан аңыраған –
Арқаның аңқылдаған желі айтты ма?
Кезі ме құба қалмақ,
Жоңғар қалмақ,
ҚАЗАҚТЫҢ алған дейтін жерін жаулап!?
Балқаштың шығысында...
Сары жазық!
Сар жазықты алыпты қазақ таңдап!
Ұрандап үш күн болды айқасқалы,
Тұлпарлар қан майданда ойқастады.
Майрылып семсер сынып,
Пышақ болып,
Гүрсілдеп зеңберектер жай тастады...
Қазақ-қалмақ –
Итжығыс түсіп жатты.
Сан ердің басы доптай ұшып жатты.
Түнімен –
Би мен көсем бас қатырды...
Таң атты!..
Сарбаз қайта сапқа тұрды.
Қазақтың көкжалдарын намыс қысып,
Ашудан жарылуға шаққа тұрды!
Жарқылдап күн көзіне –
Қалқан жанды!
Жау жақтан:
«жекпе-жек!» – деп,
Айқайлады.
«Шық! Шық!..», – деп,
Көк аспаннан тау жаңғырып,
Айқайға-айқай қосып қайталады.
Ортаға Шарыш шықты –
Хан баласы!
Шулаған өңшең ноян айналасы.
Түнерген тұнжыр түндей түмендері,
Қазақтан басым еді қол қарасы!
Сыбанның қабыландай батыр ұлы,
Астына жалын жирен атын мінді.
Бос ұстап екі қолын шайқасуға,
Тізгінін алтын ердің қасына ілді.
Кәнігі иесіне жалын жирен,
Тайсалмай сан ұрыста –
Жауға кірген.
Қос құлағын қайшылап,
Ереуілдеп,
Қыздырып бойда қанын –
Айқай-сүрең...
Жеңіске масаттанып,
Жау қызынды!
Астында құба жалды Нарқызылы,
Бөгенбай Қазыбектен бата сұрап,
Қабақтан қаһарланып жауды мұзы..
Иілді би алдына шынардай боп,
Сыпырған томағасын қырандай боп.
«Қолдай гөр!..
Ұлы бабам, Толыбай!», – деп,
«Ойлама, би Қазыбек! Мені жәй... – деп!»
Бөрте атын борбайлап кеп,
Қолын жайды,
Найманнан айбалталы Бөрібай кеп.
Атанған он төртінде қыран жігіт!
Ер Көкше,
Ер Қосайды ұран қылып.
Уақтан батыр Баян ол да жетті,
Мойнына ақбоз аттың тұмарды іліп.
Қазыбек:
«Батырларым! Сабыр – деді.
Бұл Шарыш қалмақтардың қарасы емес,
Шақырып тұр өзіндей ханын!», – деді.
«Қар алар – қардың басын,
Жауып тұрып,
Хан алар –
Ханның басын шауып тұрып.
Төреге-төре шығар жекпе-жекке!..
Қылышын қара тасқа жанып шығып...»
Төрелер төменшіктеп келін болды,
Жүретін...
Екпінімен тау ықтырып.
Сол кезде –
Əбілмансұр он сегізде!
Жас еді –
Күші толған дер кезіне.
Қанішер Абылайдың немересі...
Əкесі –
Көркем Уәли ел сөзінде!
Жошының бөлтірігі шынжыр балақ!
Тітіреп,
Қаһарынан қырғыз-қазақ,
Қалмаққа қаны қатқан хан тұқымы,
Жас қыран –
Қызыл көзді,
Қырғи қабақ!
Жігітке Қазыбек би бата берді,
Бір батыр –
Көксандалын тарта берді.
Қабанбай ақ сауытын шешіп беріп,
Мойнына сар садағын аса берді.
Көксандал!
Жер баспайды мойнын иіп.
Аспандап,
Тізесімен жерді түйіп.
Арындап бара жатты майдан жерге,
Жарысқан сар сағыммен бейне киік!..
Ер Шарыш –
Бұны көріп, қарсы шапты.
Елірген жалын жирен жұлдызша ақты.
Ұрыста –
Тұрыс болмас дегендейін,
Қос батыр ат үстінен қылыштасты.
Тұяғы тұлпарлардың жерді қазып,
Көзінде албастының оты жанып...
Шарт сынып:
Алмас қылыш,айбалталар...
Батырлардың қолында сабы қалып.
Батырлар енді атынан түсе қалып,
Бір-бірін иіріп жүр –
Қырқа шалып.
Шаң борап,
Майдан жерде ұрыс қызды!
Алыста сарбазадар тұр ұран салып.
Ұранға қос арыстан қызынады!
Белінде қанжар қалған...
Жүзі қанды.
Аспанда қос күшіген айналып жүр,
Екі ердің –
Шайқасына қызығады...
Жемтіктің...
Қызықтырып қызыл қаны...
Бес жастан –
найза түйреп,
қылыш шапқан!
Хан тұқымы жауының басын қаққан!
Үйреніп,
Алпыс айла,
Тоқсан тәсіл,
Кек алған –
Бір-біріне құрып қақпан.
Бір кезек...
Жас Абылай қайраттанып,
Шарышты алып ұрды жамбасқа алып!
Екі жүзді қанжарын жарқ еткізіп,
Жүректің тұсы осы деп,
Қалды салып...
Жас батыр дұшпанының есін алды!
Доптай ғып,
Шарыш басын кесіп алды.
Мұрнынан тесті дағы,
Қанжығаға...
Қалмақтың басын сонда байлай салды.
Лап қойды,
Қалың қазақ «А, құдайлап!»,
өшіккен жоңғарларға қаны қайнап.
Міне сап көксандалға Əбілмансұр,
Ат қойды...
Қол алдында « Аблайлап!».
Жау қашты...
Батыры өліп,
Сынып сағы.
Шашылып:
Найза қалды,
Қылыш қалды!
Басына сауға сұрап аттан түсті,
Қалмақтың:
Нояндары, ұлықтары...
Осылай ұлы ұрыс тыныстады!..
Солайша...
Ғасыр өтті,
Қасіретті!
Қаралы жесірлердің жасы кепті...
Жойылып жер бетінен жоңғар-қалмақ,
Талайдың қанжығада басы кетті...
Жас батыр Əбілмансұр –
Аса мықты!
Жеңгенде –
ҚАЗАҚ көзге жас алыпты.
Халқымның ұлы биі Қазыбектен,
Сол төре,
Он сегізде бата алыпты...
Солайша –
АБЫЛАЙ ХАН атаныпты!
Қазақтың:
Ұруы да,
Ұлысы да,
Бас иген:
Көсеміне,
Ұлысына!
Кезінде ел тағдыры,
Жер тағдыры,
Сыйынған жалғыз батыр қылышына!
***
Ұрпағы:
Сол ерлердің алып шынар!
Спортшы, палуандар халық сынар.
Намысын өз елінің ту ғып үстап,
Көтеріп рингке алып шығар!
Ішінде сол ерлердің намысы бар:
Ақынның достары бар,
Танысы бар!
Ағасы: Əбілсейіт – Ер Айқанов,
інісі – ДƏУЛЕТ, ТҰРСЫН, бағын сынар.
Жас Болат Жұмәділов –
Нағыз батыр!
Намысын қолдан бермей келе жатыр.
Еліміздің ертеңгі ақсұңқары!
Батыры –
Болашақта келер ғасыр.
Қазақтың батырлары –
Туады әлі!
«Туар!» – деп,
Асқар таулар қуанады!..
Кең дала Анасындай керіледі!
Көк сағым көйлегіндей сыланады...
Ақжайық,
Сұлу Сыр мен,
Асау Ертіс,
Арудың бұрымындай бұралады.
ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ – туады әлі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу