Өлеңдер ✍️
ТАС КІТАП ЖАЙЛЫ ТОЛҒАУ
(Иманғали Тасмағанбетовке)
Қарақан таулар – бабамыз,
Қаралы дала – анамыз!
Шыңдары қара бурадай,
Қаратау жаққа қараңыз!
Алатау жақтан жау келсе,
Тұлпарға тоқым жабамыз!
Солтүстіктен жау келсе,
Қыпшақпен бірге шабамыз...
Қыбыладан жау шапса,
Үйсінге жаушы саламыз!
Қара қазан – сары бала,
Қамы үшін қылыш аламыз!
Қыйғаш үшін кырылып,
Жайық үшін жандасып,
Батысқа қарай шабамыз.
Алатау жақтан жау келсе,
Тұлпарға тоқым жабамыз.
Төске салса,бас кескен,
Тауға салса, тас кескен,
Алдаспан қолға аламыз!
Жағасы Жайық болғанда,
Етегі Ертіс даламыз.
Тоныкөк бабаң қорғаған,
Алтайға шығып қараңыз!
Сарыарқада сайрандап,
Еділ бойын ен жайлап,
Өссінші – деп баламыз!
Білге қаған данамыз,
Тоныкөк пен Құлтегін –
Тарихын Түркінің,
Тасқа жазып бағзыда,
Кеткен – дейді бабамыз.
***
Арғы атамыз Көктүрік,
Көк найзасы көк тіреп,
Жағаласқан дұшпанға,
Есе бермей өтті – деп,
Басы барды игізіп,
Тізеліні шөктіріп,
Ер Құлтегін түменін,
Қап тауына жеткізіп,
Көне-көне, көне күн...
Көне күннің соңынан,
Желмаядай желемін!
Қара бұлыттан найзағай,
Жарқылдаса жай тастап,
Қазан аты ойқастап,
Мөде қаған қылышы,
Жауларының басына,
Төнгеніне сенемін.
***
«Орхон менен Енесай,
Жағасында Құлтегін –
Дүниеден өтті – деп,
Ерліктерін Түркінің,
Тасқа жазып кетті – деп,
З.Тілеужанұлы 181 ОТ АДАМ
Тоныкөктей бабамыз!»,
Тыңдағанбыз ҚазМУ-да,
Томановтың сабағын.
Тас кесене – тас кітап,
Көктен түскен тасқа ұқсап,
Бөрі ұлыса аулақта,
Мылқау дала тыңдады...
Шежіресін солардың,
Бозторғайлар жырлады.
***
Қарақан таулар бабамыз,
Қаралы дала – анамыз...
Атырауға әкім боп,
Алматыға әкім боп,
Астанаға әкім боп,
Өз халқына жақын боп,
Дауға салса шешен боп,
Жауға салса, көсем боп,
Құлтегіндей бабаның.
Тас кітабын көшіртіп,
Астанаға әкелген,
Нұрғалидың ұрпағы –
Иманғали балаңыз!
Тоныкөктің тас кітап...
Қиялымды жалғады.
Мен де отырдым столға,
Темір кітап жазғалы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter