Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
130

СЕН МЕНІ ОЙЛАЙ-ОЙЛАЙ ЖҮДЕДІҢ БЕ?
Сен мені ойлай-ойлай жүдедің бе?
Жан жарым!
Басың сүйе жүрегіме...
Тыңдатшы сыңғырлаған қыз күлкіңді,
Ертістей еркелік бар мінезінде.
Көзің – жұлдыз,
Қасың-ай қиып алған,
Тісің маржан –
Теңізден жиып алған!
Көңілімнің жылынсын терезесі,
Күлімсіреп қарашы, Күнім, маған...
Жүз жұлдыз жарқыраса,
Сүмбіле емес,
Жүз торғай –
ән салғанмен бұлбүл емес,
жігіттің бәрі мендей –
ақын емес,
Əйелдің –
бәрі сендей сұлу емес!
Ұмыт, Күнім!
әзірше басқа мұңды.
Əлі бұлт шалған жоқ аспанымды.
Тауым құлап,
Шыңдарым шашылғанда...
Сонда бұлыт шалады-ау жас жаныңды!..
Ұмыт, Күнім!
Əзірше басқа мұңды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇