Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  310


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ҚАРАҒАНДЫҒА

Томсарып жатса да үнсіз дала мына,
Сыр шертеді көз салсаң,
Алабына!
Қазақтың –
Қазыналы құт мекені,
Ақынның шабыт берген қаламына.
Жұмысшы –
Тұңғыш қазақ көмір қазған,
Бұл сонау ҚарағандыҒабең жазған.
Бұл сонау Карағанды – Қара Ертістен,
Қол бұлғап қиялымда мазамды алған.
Жанындай бұл даланы сүйген елім,
Төсіне орден тақтың,
Жүлде бердің.
Есте әлі –
«Түркісіпте» вагондарды,
Пысылдап от арбаның сүйрегені...
Қарағанды көмірі –
Нұр еліме!
Нұр жоқта –
Күңгірт аспан күлер кімге?
Отанның басына бұлт төнген кезде,
Тараған жылу болып жүрегіне.
Мінгізіп темір тұлпар қыр қызына,
Сол дала астықтан тау тұрғызуда!
Аспаннан күлім қағып күн қарайды,
Қызығып Нұрбақыттың жұлдызына!
Хош боп тұр, Қарағанды, қазыналы,
Ақынның аялдауға аз уағы!
Қойнауың қазыналы,
Төсіңде ырыс,
Сен жайлы талай дастан жазылады!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу