Өлеңдер ✍️
ЕРТІС АҚСА...
Сең сынды...
Ертіс асты сабасынан,
Бас көтеріп,
кәрлі қыс,
борасыннан.
Көктме кеп,
Жауқазын жаудырады,
Аралдағы ақ қайың арасынан.
Күреңітіп аспанның қас-қабағы,
Айықпаған ызғардан аспан әлі.
Көкткем келмей қоймайды...
Күні туса!
РЕВОЛЮЦИЯ!
Осылай басталады!
Егер айтсақ –
Жаңа да,
Ескі демей...
Екі жағы Ертістің –
Екі Семей.
Бір жағында –
Алпауыт алтыны мол,
Бір жағында –
Ызалы кекті кедей!
РЕВОЛЮЦИЯ!..
Осылай басталған-ды.
Кәр қылыштан,
Колчактан жасқанбады...
Затонның атан жілік жігіттері,
Аштар дағы,
Түрмеден қашқан дағы...
Қара Ертісше –
Егескен ереуілдеп,
Не өлемін,
Немесе,жеңемін деп!
Тарбығатай тауынан күн қарады,
«Қызыл туын Ильичтің көремін!», – деп,
Қызыл туды...
Мен онда жырламағам.
(Онда, тіпті, мен түгіл, тумады анам!).
Əмірені көргенмен көне Семей,
Бибігүлдей бұлбұлын тыңдамаған!
Саған дағы белгілі,
Маған дағы,
Анненковтың түрмесі,
Қамалдары...
Күш атасы –
Қажымұқан балпаң басып,
Қымыз ішіп,
Аралда самалдады.
Кітап алып,
«Гоголден» Абай дағы,
«Шыңғыс» тауданҒаламға қарайлады.
Қайдан білсін...
Ол күнді күліп өскен,
Шат заманның шалқыған «Баяндары!».
Семей жаңа,
Жер жаңа,
Тасқан бағы!
Қызыл туы Ильичтің аспандады!
Абай, Мұхтар –
Қазақтың –
Қос жұлдызы,
Жұлдыз ортақ –
Ғаламға аспандағы!
Барында алтын бесік –
Дала мәңгі!..
Жұлдыздар жанар талай самалалы!
Таланттар Қара Ертістей қара барқын,
Сең бұзып,
Мұз мұхитқа барады әлі!
Ертіс ақса –
Мұхит та оянады...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter