Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  185


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

СОҢҒЫ БӘЙГЕ

Осындайда сілтеп қал, арғымағым!
Бастан өтіп барады жазғы жалын...
Бауырыңды жаза шап –
Жас сұлудай,
Құшағына құлған әлді жардың!..
Қамыс құлақ қимасы терлегенде,
Бөкен танау пысқырып желдегенде.
Қырдан қиқу құйлып таяғанда,
Жетуші едің құйқылжып көмбе жерге!
Осындайда сілтеп қал!
Қазан атым!
Қаршығадай түйіліп,
Қаз алатын!
Бағы қайтқан батырды –
Бала жығып,
Күйі кетен күліктен шаңы озатын!
Қайтармайын, жануар, меселіңнен,
Дәме қылған ел де бар есегінен!
Жабы бәйге алған күн жапан түзде,
Қарғып түсіп басыңды кесемін мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу