Өлеңдер ✍️
КӨГІЛДІР МЫНАУ ӨЛКЕДЕ...
Көгілдір мынау өлкеде,
Өріктер тағы гүлдеді.
Жас сұлу!..
Маған еркеле...
Еркелеп құшып сүй мені!
Сәулесін төігіп,
Ай құмға,
Сырласып жүрек түнгі үнмен,
Шексіз де-шетсіз айдынға,
Мұңая қарап тұрмын мен...
Кетемін ертең алысқа,
Қоштасу сәті-ерге сын!
Тағдырдың берген бағы ұшса,
Ақын да болсаң,
Кезбесің...
Кезейін, мейлі, қай елді...
Арыма куә –
Жұлдыз, ай!
Өзіңді сүйген әйелді,
Қия алмайсың ғой құрғыр-ай!
Күндерді алдап –
өлеңмен,
жылдардан жанда сыз қалды...
Жылату оңай дегенмен,
жұбату қыйын қыздарды...
Жабығып жүрген кездерде,
Жасырып сүртіп жасымды.
Марқабаты мол кеудеңе,
Сүйеп ем тентек басымды...
Арнаған әркез-әр қызға,
Жырымды жаттап қайталап.
Алаңсыз ару шалғында,
Шалықтап жатыр шалқалап...
Ажарлы жігіт мен бе әлі...
Мұңайма,еркем,бекер шын!
Алданып барып сен дағы,
Ақылды болып кетерсің...
Хош!..
Енді бақтар! Баянсыз...
Басымнан көшкен серуен күн.
Арулар тонап аяусыз,
Қыйналмай бәрін бергенмін!
Мен дағы тонап көргенмін...
Хош боп тұр...
Сері – серуен күн!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter