Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  96


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ЖАЛҒАНДА ЖАСЫМАЙТЫН...

Жалғанда жасымайтын мына жанның,
Маңдайын...
Тасқа соғып сынағанмын.
Қиындық көшесінде сан дірдектеп,
Күшігін...
Жоқшылықтың қуаладым!
Адамдар!
Ұмытпаңдар ақыл білген!
Жанына жай жасырған ақынмын мен.
Серінің соңғы оғымын майдандағы,
Сығалап сар садақтан жатырмын мен!
Арманның алқындырып асулары,
Тірліктің –
Алдандырып жасыл бағы...
Төбемнен бұлт болып,
Булықтырып,
Тағдырдың –
Тас бұршағы басым жарды!
Сүрінсем,
Қайта тұрам...
Көнемін бе!
Хақы жоқ – ақындардың тек өлуге!
Перілердің жанындай сандықтағы,
Менің жаным –
өзімнің өлеңімде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу