Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  142


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ӘКЕ

(Əкем Тілеужан Бəйшəріпұлына арнаймын)
Сипамай әке қолы тұлымымды,
Өмірдің –
Болып өстім ұлы мұңды.
Сен бір күнсің –
Көкжиек асып кеткен,
Ерте батып,
Төге алмай жылуыңды.
Алатын тоның жоқ деп айып қылып!
Берді анам –
Етігіңді қайып тігіп.
Өзім сыйған партаға –
Етік сыймай,
Атыңды жаздым алғаш әріп қылып.
Көргенде әкесіне асылғанды...
Мөлтілдеп жанарымда жас ұрланды.
Мені өмір ерте есейтіп еркелетсе,
Есеймеген еркеде жасым қалды.
Сөз етсе, ақсақалдар отырыс қып,
Сен көрде жанбасын деп отыма ыстық.
Мен жерден түтінің боп,түзу ұшам!
Немерең жүрмесін деп өкініш қып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу