Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
137
Жынды аруым, жоқ аруым биік өкше киеді...
Жынды аруым, жоқ аруым биік өкше киеді,
Асфальт оған қағаз сынды көрінбейтін киелі.
Не қылса да өзі біліп басады кеп өкшесін,
Мен тұрамын сипағым кеп бұлтаңдаған бөксесін.
Киррилица, латиница – бәрі қалды бос болып,
Жоқ арудың жұмсақ жері жүрек сынды қос бөлік.
Руна әрпі, иероглифтер алдында оның түк емес,
Руна түгі қос анары Жоқ аруға жүк емес.
Мәтін қайда, мағына іздеу, пайымдаулар мектебі,
Бәрі қалды керексіз боп Интернеттей тептегін.
Еншіміз тек сүріндірер Ой мен Ұйқас жүйрігін,
Ай шешейдің көзі тескен Жоқ арудың құйрығы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter