Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  167


Автор: Әуезхан Қодар

Желтоқсаншыл жігіттің ағасына айтқаны

Алаң да алаң алаңда,
Талаңдар бізді, талаңдар.
Бөспеші, бірақ, көпіріп.
Кезесе солдат сойылын,
Белгілі болды қойылым,
Уәдең бәрі − өтірік.
Қуыршақ сынды тырбаңдап,
Тастадың бізді құрбанға.
Кім үшін шықтық мығым бек?!
Қорғайды мал да жас төлін,
Алаңда қанға мас ӨЛІМ,
Үкімет Үйін − ығым деп.
Ішінен теуіп қыздарды,
Атқылап сумен ызғарлықақаған қыстан сұсты боп,
Солдаттар шықты түленіп,
Оң − солды жұмсап күрегін,
Біздегі жалғыз күш − білек.
Айтасыз: "құрып кетеміз.
Алыптан талып не етеміз,
Тараңдар, − дейсіз, − құрыңдар!"
"Құлдыққа көнсең, құл болдың.
Адам атынан тұл болдың",−
Деуші еді атам бұрында.
Қабырға, бордюр жұлқылап,
Қарамай бойы, ұлтына,
Атқылап, айыз қандырдық.
Машина жанса, дал аңдып.
Сапырылысқан алаңды
Қоршап ап, талай жан тұрды.
Неге олар сонда кірмеді
Ортаға? Жаны сір ме еді?
Ез бе еді, әлі зар ұйқы?
Ар болып әлсіз қаруы,
Соғылған тасқа аруың, −
Қазақтың жаңа тарихы.
Солдаттар − теңіз, біз − арал.
Қаша бастадық қызара, −
Басынса ӨЛІМ бос емің...
Аруда қалған − көп қайғы,
Тепкі астында жоқтайды
Хабарсыз кеткен КӨСЕМІН.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу