Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
114
Айна алдында тұрып ап...
Айна алдында тұрып ап,
Өз-өзімді аядым.
Құр денемен қарусыз
Кешудемін зая күн.
Пайдам жоқ келелі,
Зияным да шамалы.
Сұрамаңыз сіз менен
Қорғанудың амалын.
Көбем жоқ құрсанар,
Дулыға да, қалұан да.
Бар қамалым – бассүйек,
Талқандасаң талқанда.
Беймалім – бар дінім,
Күнә деймін кек ерге.
Мен бір тылсым құбылыс
Жаратылған бекерге.
Аспан сынды, бұлт сынды,
Бұлтқа оранған тау сынды.
Жаңғырыкпен адасқан
Шатастырам даусымды.
Батыспен де, Шығыспен,
Теріскеймен, күнгеймен,
Жаңғырығым үздңгңп,
Діл іздеген үндей мен.
Есімде жоқ өткенім.
Өтпегенім есімде.
Шындықтан да жирендім,
Құштар келте шешімге.
Шындығы да жоқ болмыстың
Мұнарымын құнарлы.
Талқандасаң, талқанда,
Ебін тауып мұнарды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter