Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  98


Автор: Әуезхан Қодар

Наурыз күні – үміт толы таза ауа...

Наурыз күні – үміт толы таза ауа,
Келгендей бір маусым аттап жаз ауа.
Бұтақтарда тары сынды бүршіктер
Көже ішінде жүрмесіне мәз-ау, ә?
Жинап алса гүл бүршікте өз есің,
Қаусызданып, жаяр "наурыз көжесін".
Жан-жағыңнан сезілгенде жұпары,
Жаңа жылдың жаңа иісіне төзесің.
Жаңа иіс, жаңа сезім, жаңа әдет,
Әкелсе екен жаңа өмір, заң, әдеп.
Қағаз былғау қажеті не, егерде
Ақыфндыңтан күшті болса жаңа леп.
Алыстатып Ахриман – пәлені,
Аққа жақ қып тірілердің әлемін,
Арттырады әділдіктің ақ тауын
НАУРЫЗ КҮНІ – көне әлем сәлемі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу