Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  100


Автор: Әуезхан Қодар

Иманғалиға

Имандыға айып көп,
Дүйім сайтан – періште.
Дүние жатыр Жайық боп,
Сырты – мөлдір, шері – іште.
Еңбекке еш ерінбей,
Болса-дағы төр тенің,
Шырылдайсың: "Жерім!" – деп?
Намыстан бет өртеніп.
Қолпаш сөзге ерімей,
Ойлап өсу жолдарын,
Құйдың туған жеріңе
Шетелдіктің долларын.
Көп құзғынға бір бүркіт,
Мақсатың - өр, назар – тың,
Жетпіс жылда бір сілкіп,
Атырауды тазарттың.
Ұтылмайды, берсе де еш
Жерге дәнін бидай шын.
Жұрт жинаса "Мерседес",
Сен ескілік жинайсың.
Өлілерге – құлпытас,
Тірілерге – бал құнды.
Халқың сені ұмытпас,
Ұмытпасаң халқынды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу