Өлеңдер ✍️
Махамбеттің дәптері
Қара дөңнің басында,
Сұр дәптері қасында,
Махамбет отыр түксиген.
Мырс ете қалып, жазады, −
Сыққандай барлық азабын
Дәптеріне дық сүйген.
Оңнан солға итиіп,
әріптер жатыр сый түйіп,
ал ақын болса – ашулы.
Оған тар мыңа кеңістік,
Оған мұз – құшақ ең ыстық,
Өмір – тұл және ас – улы.
Сонша ой–арман өңгеріп,
Жеткені осы дөң бе еді?!
Бұл қашан жаудан қаймықты?!
Дарытпай найза, қылышты,
Жағдайға таңып қыл үсті,
Мерт қылған мұны қай мықты?!
Қаруды ғана дәріптер
Быттиған саусақ... Әріптер
Полифем–дәудің қойындай...
Қайда сол дәптер: Білмедім.
Әйтеуір соның зіл-кегі
Тұнады жыр боп бойымда.
"Аспан ба төнген, табан ба?
Не қалды сонда адамға,
Түзей алмаса ол бойын?!"
...Болса да аты доғалы,
Әр басқан ізі жоғалып,
Таппады маза жол бойы.
Қоржында дәптер іші мұң,
Бағдарын ойлап ісінің,
Серпілді... Айсыз түн еді
Тығылып қалаларына
Полифем–дәудің зарына
Одиссей-заман күледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter