Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  104


Автор: Әуезхан Қодар

Оралу

Өлеңім менің Көктөбем,
Азадан тозып, өктем ең.
Алаңсыз, ессіз кезімде,
Мен көктен бітіп, көктеп ем.
Түсірдің талай арнаға,
Қалмады қалам бармаған.
Абсентін ішіп Верленнің,
Хаямға ғазал арнағам.
Ван Гогтың сыңар қүлағын
Жеткізіп барып, құладым.
Сондағы мені емдеген
Жыр көзі Касталь бұлағы.
Болсаңыз егер ер талап,
Құрлық көп әлі бет алар.
Ақындар неон отындай,
Ақындар планеталар.
Бұзылса нілдей күй егер,
Келтіру қиын жүйеге.
Жырласа бірі ақықты,
Сүйсінер бірі күйеге.
Сапарым бітер түрі жоқ,
Қылшанда босқа шірңді оқ.
Келеміз әлі түр-түссіз,
Беймәлім көптің бірі боп.
Айырмай досым, қасым бұл,
Бұзыппын талай рәсімді.
Нотр-Дамға да мен сүйсінгем.
Игем жоқ, бірақ, басымды.
Үнсіз ем, енді үн бітті,
Тереңде жатып мұң, тіпті,
Текті ұрпақ үшін болашақ,
Мұхитқа терең сүңгіттің.
Өлеңім менің Көктөбем,
Азадан тозып, өктем ең.
Төбеңді сенің көксеумен,
Жоқ жерден шығып, көктеп ем.
Көңілде ауыр қалқып ән,
Мен саған баяу талпынам.
Топрырағыңнан айналдым
Өрлік пен ерлік аңқыған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу