Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
94
Жебірейше тоқып жадыма...
Жебірейше тоқып жадыма,
Қазақша сені жаңғыртам,
Ауа сілкінтер қазына,
Саған мәз бүгін мәңгүрт-ән.
Орыс пен қазақ құраған
Жанымда қай бір күй болсын.
Трамвай жолға тұра ғап,
Ессіздік маған үй болсын.
Аңқау қыз болсын сүйгенім,
Қадірімді білсе, жетеді.
Болашақ деген би-гений
Басқаға түрсін етегін.
Сен, бірақ, маған ұғындыр
Үнсіздік кемпірқосағын.
Кекесін толы үніңді
Екі тілде де тосамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter