Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
126
ЖАЛҒЫЗ ТҮН – ЖАРТЫ ҒҰМЫР
Жалғыз түн жарты ғұмыр өткендеймін,
Өзіңе құстай ұшып жеткендеймін.
Төгіліп жүрегіме сезім селі,
Көміліп от құшаққа кеткендеймін.
Алдыңа айналып мың барғандаймын,
Қасыңда байланып бір қалғандаймын.
Сол түннің шапағатты шақтарынан
Жанымды нұрға малып алғандаймын.
Ұмытып күйкі-күйбең тіршілікті,
Талықсып жатқанымда тұншығып бір,
Қараңғы түн құшағын айқара ашып,
Төбемде күлімсіреп күн шығып тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter