Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
117
АНАМДЫ КӨРДIМ ТҮСIМДЕ
Анамды көрдiм түсiмде,
Жабыққан, жүдеу пiшiнде.
Көлеңке бейне жүр екен
Көк бейiттiң iшiнде.
Жүзiңдi жауып нала-мұң,
Қадала маған қарадың.
Қол созым жерде тұрсаң да,
Тiл қата алмай барамын.
Барайын дедiм таянып,
Жылжымай қойды аяғым.
Көз алдымда көлеңкең
Көк түске кеттi боялып.
Қолымды қайта сермеймiн,
Жоқтығыңа сенбеймiн.
Көк бейiттiң iшiнен
Көлеңке бейнең көлбейдi.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter