Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  113


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Іздеп бара жатамын

Шабыт қайда?
Тұрғаны - ай тіл байланып,
Тіл байланып,
Айтарым тұрмай налып.
Ұқтыра алмай сөзімді түсінбеске,
Бара жатыр жігерім құмға айналып.
Ой бұлты кеп басады еңсе құзын,
(Үнсіз қарсы ап өмірдің келсе күзін.)
Кетіп бара жатамын жалғыз аңдай,
Жел серігім...
Сағымды бел серігім...
Құлап түстім...
Міне бас тағы айналды,
Тағы айналды...
Oйларым тоғай қалды.
Безіп мына жалғаннан,
Түсімде мен
Іздеп бара жатамын Абайларды...



25 қараша 1999жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу